AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жол қозғалысы ережесін қасақана бұзушылар...

Алматыда жол қозғалысы ережесін қасақана бұзушылар саны көп

Заң мен тəртіп 28.02.2023, 05:37 1,239
Алматыда жол қозғалысы ережесін қасақана бұзушылар саны көп
Сурет: Polisia.kz

Алматыда “Қорғау-Қауіпті жүргізуші” жүйесі 17 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыны анықтады.


Мұндай мәліметтерді Алматы қаласының әкімшілік полициясы, “Қорғау-Қауіпті жүргізуші” жүйесін енгізудің аралық талдауын қорытындылау барысында келтіріп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Бұл жаңашылдық өткен жылдың сәуір айында қолданысқа енгізілді. Патрульдік полиция қызметкерлерінің планшеттеріне орнатылған “Қорғау-Қауіпті жүргізуші” бағдарламасы ӘПБТ және бірқатар мемлекеттік органдардың деректер базасымен біріктірілген. Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану деректерін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді, сақтандыру полисі жоқтарды, төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бар адамдарды анықтауға ерекше назар аударылады», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.



“Қорғау-Қауіпті жүргізуші” жүйесінің көмегімен 2022 жылы 14 мың 360 жүргізуші, биылғы жылдың басынан бері 3 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



«Сонымен қатар биылғы жылы Алматының патрульдік көліктеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған жаңа “Сергек-Патруль” кешендері орнатылғанын айта кеткен жөн. Жоғары интеллектілі камералардың көмегімен кешен ағындағы көлікті анықтап, мемлекеттік нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді. Сондай-ақ МТНБ “жалған” еместігіне, техникалық байқаудың, сақтандыру полисінің жоқтығына, төленбеген айыппұлдардың бар-жоғына, ұрлық және қандай да бір құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексеріледі», – деді Асхат Құлбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жол қозғалысы #ереже бұузылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);