AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жер сілкінісі туралы дабылдан кейін тексе...

Алматыда жер сілкінісі туралы дабылдан кейін тексеріс басталды

Әлеумет 23.09.2025, 10:32 856
Алматыда жер сілкінісі туралы дабылдан кейін тексеріс басталды
Сурет: Gov.kz

2025 жылдың 21 қыркүйегінде, жексенбі күні, алматылықтардың телефондарына жер сілкінісі туралы жаппай дабыл хабарламалары келіп түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Телефонға келген хабарламалар тұрғындарды қорқытып жіберді. Адамдар үйлерін ғана емес, сауда орталықтарын да тастап шығып, дүрбелең болды. Көпшілігі дәл сол сәтте қала күнін мерекелеу үшін алаңда жүрген еді.

Кейін ТЖМ өкілдері Алматыдан 9 шақырым қашықтықта жер асты дүмпулері тіркелгенін мәлімдеді. Эпицентрдегі магнитуда 3,8 болған. Ал қала аумағында сілкініс мүлде сезілмеген.

Сол себепті ескерту жүйесі неге іске қосылғаны туралы сұрақ туындады.

22 қыркүйекте комиссия сейсмостанцияларға барып, тексеріс бастады. Мамандар тексеру жүргізіп жатыр.

Журналистердің еске салуынша, жаңа технология 2024 жылы іске қосылған болатын. Жобаға бюджеттен 475 миллион теңге жұмсалған.

Ол кезде тұрғындарға тек күшті жер сілкінісі – 4 балдан жоғары болған жағдайда ғана жедел хабарлама жіберіледі деп мәлімделген еді.

"Қазіргі уақытта мамандар барлық мән-жайды анықтау үшін сейсмостанциялар мен датчиктерді зерттеп жатыр. Хабарламалардың уақытылы әрі нақты жетуін қамтамасыз ету мақсатында параметрлерді калибрлеу мен алгоритмдерді нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Сейсмодатчиктердің дерегіне сәйкес, 21 қыркүйекте тіркелген жер сілкінісі халық пен инфрақұрылым нысандарына қауіп төндірмеген", — деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

21 қыркүйек күні сағат 16:25-те Алматы тұрғындары мен қонақтарына қала аумағында сезілмеген, бірақ эпицентрі Алматыдан бар болғаны 9 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан жер сілкінісіне байланысты жедел хабарлама келді. Кейін белгілі болғандай, бұл хабарламалар сейсмологтар датчиктері тіркеген дүмпулерден кейін Mass Alert жүйесінің автоматты түрде қосылуынан жіберілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жер сілкінісі #дабыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);