ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай 28-гвардияшы-...

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ мемориалы жаңартылады

Әлеумет 26.02.2025, 15:16 620
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ мемориалы жаңартылады
almaty-akshamy.kz
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге орай...

Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қалпына келтіру жұмыстары арнайы комиссияның тексерісі нәтижесінде басталды. Комиссия мемориалдағы гранитті және тас плиталардың, сондай-ақ кеспе тастың тозу деңгейін бағалады.

Мемориалдық кешенге 50 жыл болды, осы уақыт ішінде оның гранитті жабындысы, тас тақталары мен кеспе тастары айтарлықтай тозған, жарықтар мен кей жерлерде бұзылу белгілері пайда болған. Бұл аумақта соңғы 20 жылда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, сондықтан мемориалдың тарихи келбетін сақтай отырып, оны бастапқы қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. 

Қалпына келтіру жұмыстары Даңқ мемориалының орталық бөлігі – «Мәңгілік алау» тұғырының гранитті тастарын құммен тазалауды қамтиды. Сонымен қатар, гранитті тақтатас тазаланып, жаңартылып, мемориалдық кешен мен Вознесенск соборы арасындағы кеспе тас ауыстырылады. Жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың сәуір айында аяқтау жоспарланып отыр.

Бұл бастамаға Кеңес Одағының Батыры, әйгілі қолбасшы Иван Панфиловтың немересі – Алуа Байқадамова да қолдау білдірді. 

«Мәңгілік алаудағы» тақталар 50 жыл бойы жауын-шашын, қар, аптап ыстық және температураның ауытқуынан зардап шекті. Алматыда ауа райы күрт өзгереді. Соңғы 15 жылда мемориалдың бұзылуына скейтбордшылар, самокатшылар мен велосипедшілер де үлес қосты. Оларға ескерткішке мән бермеді. Осы факторлардың барлығы гранит тақталардың жарылуына алып келді. Тақта астындағы бетон іс жүзінде құмға айналғаны да анықталды. Қазіргі таңда зақымданған бетон қабаты алынып, арматура жаңартылып, қираған тақталар ғана ауыстырылып жатыр», – деп жазды Алуа Байқадамова әлеуметтік желіде. 

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ – тарихи-сәулет және мемориалдық кешен. Ол 1942 жылы Мәскеуді қорғауда ерлікпен қаза тапқан 28 панфиловшы батырдың құрметіне аталды. Ал мемориалдық кешен 1975 жылы 8 мамырда, Ұлы Жеңістің 30 жылдығында ашылды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың күзінде саябақтың Қазыбек би көшесі мен Панфилов ескерткіші маңындағы аумағы жөндеуден өтті. Бұл жердегі тақталар, пандустар және баспалдақтар әбден тозып, жаңартуды қажет етті. 500 шаршы метр аумақта гранитті тақталар төселіп, пандустар орнатылып, жаңбыр суын ағызу жүйесі жүргізілді

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,339 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.