AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік күніне...

Алматыда Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті

Барлығы 17.12.2025, 13:42 1,054
Алматыда Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті
№196 жалпы білім беретін мектеп

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №196 жалпы білім беретін мектепте Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Тәрбиелік бағыттағы іс-шара 8–10 сынып оқушылары арасында «Жетістігімді еліме арнаймын» тақырыбында ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру, тәуелсіздік жолында күрескен азаматтардың ерлігін дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың бойында отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық рухты қалыптастыру.

Шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, Желтоқсан тақырыбында сахналық көріністер мен музыкалық қойылымдар ұсынды. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жастардың ел болашағындағы рөлі туралы ой-пікірлер ортаға салынды.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Желтоқсан оқиғасының ардагерлері Байтулекова Саяна Несіпқазықызы мен Баядилов Халел Оңғарұлы қатысып, өз естеліктерімен бөлісті. Олар жас ұрпақты елін сүюге, тәуелсіздіктің қадірін бағалауға және білім алып, жетістіктерін Отан игілігіне арнауға шақырды.

Кездесу соңында оқушылар мен ұстаздар ардагерлерге алғыстарын білдіріп, мұндай тағылымды шаралардың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);