AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / BRT-Желтоқсан / Алматыда Желтоқсан көшесі бойымен BRT желісінің құ...

Алматыда Желтоқсан көшесі бойымен BRT желісінің құрылысы басталады

BRT-Желтоқсан 25.04.2025, 12:56 1,267 Bakyt
Алматыда Желтоқсан көшесі бойымен BRT желісінің құрылысы басталады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда BRT желісі Тимирязевтен Райымбек батырға дейін ұзартылады

Алматыда қоғамдық көлікті ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында ұзындығы 4,6 шақырым болатын BRT (Bus Rapid Transit) желісінің құрылысы Желтоқсан көшесінде басталады. Бұл жаңа жоғары жылдамдықтағы автобус жолағы Тимирязев көшесі бойындағы жұмыс істеп тұрған BRT желісін Райымбек батыр даңғылында салынып жатқан жаңа желімен байланыстырады.

Көлік кептелісі мен автотұраққа байланысты туындаған жайтты шешу үшін BRT жолағы жолдың шетімен салынады. Яғни, солтүстік бағытта – жолдың оң жағымен, ал оңтүстік бағытта – сол жағымен өтеді. Жеке автокөлік қозғалысы үшін Абай даңғылынан солтүстікке қарай біржақты қозғалыс пен жолақтар саны сақталады.

 

Құрылыс қалай өтеді?

Құрылыста ешқандай ғимаратты бұзу және жолды кеңейту қарастырылмаған. Автобус аялдамалары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділікті ескере отырып, арнайы платформада орналастырылады. Жоба аясында бағдаршам нысандарын жаңарту, көше жарығын жетілдіру, тротуарларды плиткамен қаптау арқылы жаяу жүргіншілер бөлігін жаңарту көзделген.

Жұмыс 26 сәуірде басталады. Алғашқы кезеңде инженерлік коммуникация, жиектастар мен арық жүйелері қайта орналастырылады. Бұл жұмыстар жолдың шетінде, көлік қозғалысын шектемей жүргізіледі.

Маусымда жаңа асфальт төселіп, жол таңбалары сызылады. Жол жамылғысы толықтай жаңартылып, қозғалыс 36 сағатқа дейін ішінара шектеледі. Айналма жолдар мен уақыты алдын ала хабарланады.

Жобаны аяқтау биылғы жылдың соңына жоспарланған.

Жұмыс кезінде жаяу жүргіншілер үшін қандай жайлы жағдай жасалады?

Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жаңарту кезінде жөнделетін учаскелердің бойында айналма жолдар, арнайы қоршаулар, пандустар және жарық шағылыстыратын элементтер орнатылады.

Күтілетін нәтиже қандай?

Жобаның мақсаты — Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы BRT желісін Райымбек батыр даңғылындағы салынып жатқан желімен біріктіру. Соның нәтижесінде BRT желісі шығыс-батыс қана емес, оңтүстік-солтүстік бағытындағы көлік байланысын да арттырады. Желтоқсан көшесіндегі автобустардың орташа жылдамдығы 40%-ға, ал жолаушылар легі 30%-ға артпақ.

 

Жаңалықтарды қайдан білуге болады?

Қолға алынған жұмыстар, көлік қозғалысындағы өзгерістер туралы ақпарат тұрақты түрде Almaty_Joly Telegram арнасы, қала әкімдігінің әлеуметтік желілері, сондай-ақ, 2GIS пен Яндекс карталары сервистері арқылы жарияланып отырады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол #Яндекс карталар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);