ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда "жедел жәрдем" қызметіне жүгінетіндер сан...

Алматыда "жедел жәрдем" қызметіне жүгінетіндер саны екі есеге өсті

Әлеумет 16.08.2021, 13:59 1,348
Алматыда "жедел жәрдем" қызметіне жүгінетіндер саны екі есеге өсті
Яндекс.Новости
Алматы қаласы жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде пандемия кезіндегі фельдшерлер жұмысының қиындығы мен оларға түсетін...

Алматы қаласы жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде пандемия кезіндегі фельдшерлер жұмысының қиындығы мен оларға түсетін жүктемелер туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



 
Андрей Ложкиннің айтуынша, егер жыл басында "жедел жәрдем" қызметіне орта есеппен 3200-ге жуық қоңырау түссе, коронавирус өршіп тұрған қазіргі кезде жүктеме екі есе өсіп, күніне 6400-ге жуық қоңырау шалынуда. 



«Ең жоғары көрсеткіш шамамен бір апта бұрын байқалды, жедел жәрдем шақырған өтініштер саны 8 мыңға жетті. Сонымен қатар, жедел жәрдем бригадаларының жүктемесі өсті, күніне шамамен 15 қоңырау, ал жыл басында күніне 8-10 қоңырау шалынатын. Қаланың жедел жәрдем қызметіне қарбалас уақытта сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін және 18.00-ден 24.00-ге дейін түрі өтініштер түседі, кейде шақыртуларға қызмет кешігіп көрсетіледі. Айтарым, пациенттердің өміріне қауіп төнген шақыртуларға бірінші кезекте қызмет көрсетіледі», - деді А. Ложкин. 



Алматы қаласы "жедел жәрдем" қызметінің өкілі жедел жәрдемде жас" мамандардың тапшы екенін айтты. Жалпы, жедел жәрдем қызметі тәжірибелі дәрігерлермен қамтылған. Жедел жәрдем көліктері күн сайынғы щақыртуларға барады, жүргізушілер құрамы толық. 



Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, А. Ложкин "жедел жәрдем" шақырған кезде бастапқы автоматты сәлемдесу 17 секундтан 12 секундқа қысқарғанын айтты. Бұрындары "жедел жәрдемге" қоңырау шалу қиын болғаны рас, өйткені байланыс арналары шектеулі, 30 ғана болды, резервте тұрғаны – 20. Бүгінде Алматыда жедел жәрдемнің 60 байланыс арнасы іске қосылған, диспетчерлер саны да ұлғайды – ауысымда 12 адамнан 16 адамға дейін. 



Егер "жедел жәрдем" қызметінің 103 нөміріне хабарласа алмаған жағдайда, деректерді автоматты түрде 112 қызметіне жіберуге болады.


А. Ложкин физикалық жүктемеден басқа, жедел жәрдем дәрігерлеріне моральдық жүктеменің артқанын атап өтті. Ол коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау қажет екенін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.