ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда жазушы Баққожа Мұқайдың 75 жылдығына арна...

Алматыда жазушы Баққожа Мұқайдың 75 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді

Өмір-өзен 24.01.2023, 12:23 1,894
Алматыда жазушы Баққожа Мұқайдың 75 жылдығына арналған  еске алу кеші өтеді
Сурет: Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2023 жылдың 31 қаңтары күні сағат 15:00 де қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Баққожа Мұқайдың 75 жылдығына...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2023 жылдың 31 қаңтары күні сағат 15:00 де қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Баққожа Мұқайдың 75 жылдығына арналған  еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мұқай Баққожа  1948 жылдың 31 қаңтарында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. 
1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмәмдәп, 1975 жылы Райымбек аудандық «Коммунизм нұры» (қазіргі «Хантәңірі») газетінде еңбек жолын бастаған. 1970-1988 жж. «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990-1995 жж. Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында Бас редактор, басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. Бірнеше медальдармен марапатталған. «Парасат» журналының бас редакторы болып қызмет атқарған.


Баққожа Мұқай алғашқы туындыларын 17-18 жасында жариялаған. Тәңірі кеудесіне айрықша шығармашылық қуат пен таным берген жазушы өз талантын бабында ұстап, үнемі тәрбиелеп, үздік туындылар ұсынып отырған. Ол «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» кітаптарының авторы.  Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы, Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы, «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы беріліп, «Парасат» орденінің иегері атанған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.