ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда жазғы демалыс кезінде су айдындарын бақыл...

Алматыда жазғы демалыс кезінде су айдындарын бақылау күшейтіледі

Алматы 29.05.2025, 12:36 646
Алматыда жазғы демалыс кезінде су айдындарын бақылау күшейтіледі
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды баланы судың маңында қараусыз қалдырмауға шақырады

Алматыда шомылу маусымы мен жазғы демалыс басталмай жатып балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде осылай деді.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі атап өткендей, Алматы қаласы мен тауға жақын аудандарда 44 су айдыны бар, олардың 9-ы суға түсуге қауіпті.  

«Оқыс оқиғаның алдын алатын 25 және ұйымдастыру жағын қамтитын   «Мамыр қаупі» іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылып жатыр», – деді Есбол Сұлтанов.

2024 жылдан бастап қауіпті саналатын жеті учаскеге интеллектуалды бейнебақылау камералары орнатылған. Олардың бейнесі нақты уақытта құтқару қызметтерінің компьютері мен қызметкерлердің мобильді құрылғыларына жіберіледі. Бұлар судағы тәртіпті бұзған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар, Халықаралық балаларды қорғау күні аясында 28 панфиловшылар саябағында «Бала қауіпсіздігі – басты мақсатымыз» ұранымен алдын алуға бағытталған ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Оның мақсаты – балаларға күнделікті өмірге керек әдепті негіздерін үйрету, білім беріп, дағдысын қалыптастыру, сондай-ақ құтқарушылардың жұмысын, арнаулы техника мен жабдықтардың мүмкіндігін көрсету.

Жаз басталғалы бері Алматыда полиция, құтқарушылар мен еріктілер  рейд жүргізе бастады. Су айдындарында тәртіпті бұзған 6 адам жауапқа тартылған. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары, сауда орталықтары, ХҚКО, кинотеатрлар, метро мен адам көп жиналатын басқа жерлерде де ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын тыйым салынған жерде шомылмауға, сақтық шарасын сақтап, мына ережені ескеріп жүруге шақырды:

балаларды судың жанында қараусыз қалдырмау;
жүзе алмасаңыз белден жоғары суға түспеу;
жағадан алыс кетпеу;
қайықтан, көпірден, айлақтан суға секірмеу;
түнде шомылмау;
субұрқақтарда да шомылуға болмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.