AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда жатақхана тапшылығы мәселесі толығымен ше...

Алматыда жатақхана тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі

Білім және ғылым 19.06.2024, 12:40 763 Bakyt
Алматыда жатақхана тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы жатақхана құрылысы: 2023 Жылы жоспар екі есе артық орындалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімдігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың наурыз айында жатақхана құрылысына арналған жобалық кеңсенің жұмысын бастады. Бұл бастама оқу орындары мен инвесторлар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жатақхана тапшылығын азайтуға бағытталған.

Жобалық кеңсенің іске қосылуы нәтижесінде 120 инвестор жатақхана құрылысына қатысуға ниет білдірді. Бұл көрсеткіш жатақхана салу жобасының тартымдылығын айғақтайды. 2023 жылы жоспарланған жатақхана құрылысы екі есе артығымен орындалып, 3 969 орынға арналған 14 нысан пайдалануға берілді.

Жатақхана тапшылығы 32,7 мың орыннан 28,7 мың орынға дейін қысқарды. 2024 жылы тағы 6 690 орынға арналған 15 нысанның құрылысы жоспарланған, бұл бастапқы жоспардан 2 мың орынға артық.

2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында 12 мың орынға, ал 2030 жылға қарай тағы 20 мың орынға арналған жатақханалар іске қосу көзделген. Осылайша, жобалық кеңсенің қолдауымен Алматыдағы жатақхана тапшылығы мәселесі толықтай шешілмек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жатақхана #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);