AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жасырын жұмыс істеген казино анықталды

Алматыда жасырын жұмыс істеген казино анықталды

Заң мен тəртіп 14.11.2022, 08:06 912
Алматыда жасырын жұмыс істеген казино анықталды
Сурет: Inform.kz

Алматы қаласында көпқабатты үйдің жертөлесінде жасырын казино жұмыс істеген.


Ойыншылар мекемеге құпия сөз арқылы кірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«13 қарашаға қараған түні Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Алматы қаласындағы ғимараттардың бірінде (Сәтбаев көшесінің бойында) жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы іс-шара өткізді.


Тыйым салынған ойын мекемесі қаланың Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан. Адамдар құпия сөз арқылы кіргізіліп отырған.


Арнайы іс-шара кезінде казинода 20-дан астам келуші болды», - делінген полиция хабарламасында.



Арнайы операция кезінде 20-дан астам ойын жабдығы, ірі көлемдегі ақша, келушілердің аты-жөні жазылған тізім, ақшаның кіріс-шығыс жазбалары бар құжаттама тәркіленді.



«Қылмыстық әрекеттен түскен кірістің шамамен сомасы күніне 5 миллион теңгеден асып отырған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігімен (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта казино иесін анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.





 


 





Телеграм арнаға жазылыңыз
#жасырын казино #жертөле #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);