AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жасыл көшеттердің жерсінуі 30%-дан 10%-ға...

Алматыда жасыл көшеттердің жерсінуі 30%-дан 10%-ға дейін төмендеді – Ерболат Досаев

Әлеумет 18.12.2024, 12:57 1,110 Nursok82
Алматыда жасыл көшеттердің жерсінуі 30%-дан 10%-ға дейін төмендеді – Ерболат Досаев
Алматы әкімдігі

Алматыны бақша-қала ретінде қайта жандандыру аясында шамамен 643 мың көшет отырғызылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрағына жауап беру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

«Өткен жылдың қаңтар айынан бастап жасыл желектерді күту және отырғызу бойынша жаңа ережелер енгізілді, онда стандарттар өзгертілді. Көшеттердің биіктігі кемінде 2-2,5 метр болуы тиіс. Келесі жылы біз тәжірибе ретінде биіктігі 4-6 метр болатын 27 мың ірі ағаш отырғызуды бастаймыз. Бұл қаладағы жайлы орта қалыптастыруға және көшеттердің жерсіну көрсеткішін арттыруға бағытталған шара. Себебі әлсіз көшеттер агрессивті қалалық ортада өмір сүре алмайды», – деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, жаңа ережелерге сәйкес, мердігер ұйымдар суару жүйесін орнатып, көшеттерді үш жыл бойы күтіп-баптауға міндетті. «Осы шаралардың арқасында көшеттердің жерсінбеу деңгейін 30%-дан 10%-ға дейін төмендету мүмкін болды», – деп атап өтті қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, соңғы екі жылда қалада 500 шақырым автосуару және тамшылатып суару жүйесі орнатылды. 2025 жылға дейін тағы 290 шақырым суару желісі салынып, бұл бір миллионнан астам ағашқа сапалы суаруды қамтамасыз етеді.

Ерболат Досаев, сондай-ақ, 2022 жылы қалада 84 мың апатты ағаш болғанын, олардың 40,5 мың данасы кесілгенін, қалған апатты ағаштарды 2025-2026 жылдары кесу жоспарланып отырғанын айтты.

Жалпы, Алматыда 4,3 миллионнан астам жасыл желек бар, оның 2,3 миллионы жалпы пайдаланымдағы жерлерде орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасыл желек #көгалдандыру #аула
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);