AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Жасыл ел» жобасы бойынша 2000-нан аса жа...

Алматыда «Жасыл ел» жобасы бойынша 2000-нан аса жас жұмысқа орналасады

Әлеумет 07.06.2023, 06:19 1,012
Алматыда «Жасыл ел» жобасы бойынша 2000-нан аса жас жұмысқа орналасады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мегаполистің «Жасыл ел» жасағының қатарындағы белсенділер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Өткен жылы уақытша маусымдық жұмыспен 14 пен 29 жас аралығындағы 1900 жас қамтылды. Биылдан бастап  бұл меже 35 жасқа дейін деп өзгертілді. Бұл туралы Алматы қалысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Зухра Иманбаева мен «Жасыл ел» жобасының экосақшысы Мұратхан Тауасар айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Жасыл ел» – мектеп оқушылары, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруға, республика бойынша орман алқаптарын құруға, сол арқылы Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жоба. Жоба Алматы қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.



«Әлемдегі жаһандық экологиялық жағдай күрделене түсуде, қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті болып отыр. Өткен жылдың қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтармен кездесуінде: «Қоршаған орта азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді. Сондықтан экология мәселесі әрқашан менің назарымда». Сондай-ақ «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бекітілді. Оның басты көрсеткіштерінің бірі – жыл сайын кемінде 10 000 жасты жұмыспен қамту көзделген», - деді Ж.Иманбаева.



Спикерлердің айтуынша, «Жасыл ел» жасағындағылар қаланы көгалдандырудан бөлек, экологиялық семинарлар мен тренингтерге, қалалық және республикалық сенбіліктер мен балалар үйі, қарттар үйі, ардагерлер үйлеріндегі эко акцияларға белсенді қатысады. 


«Жобаның оған қатысушылар үшін берер артықшылықтары мол. Жастар бір-бірімен танысып, қаланың дамуына үлестерін қосады», -деп атап өтті М.Тауасар. 


Сонымен қатар, жасақта эко патрульдер құрылуда, олар қала аумағында рейдтер жүргізіп, экологиялық бұзушылық фактілерін анықтайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жасылел #маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);