ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда "Жасыл ел" еңбек маусымының ашылу салтана...

Алматыда "Жасыл ел" еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті

Алматы 09.06.2025, 12:35 651
Алматыда "Жасыл ел" еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті
Алматы әкімдігі
Алматыда "Жасыл ел" еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматыда "Жасыл ел" еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Алматыда "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының жаңа еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Алматы қаласы "Жасыл ел" қалалық штабының ұйымдастыруымен өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – Алматы қаласының жастарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарту арқылы уақытша еңбекпен қамту, экологиялық сананы қалыптастыру және патриоттық рухты дамыту.

2025 жылғы еңбек маусымы аясында 2100 жас уақытша жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда олардың ішінде 1266 жас жұмысқа кірісіп үлгерді. Жастар қаладағы саябақтарда, скверлерде, өзен жағалауларында және басқа да қоғамдық кеңістіктерде көгалдандыру, тазалау және абаттандыру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Салтанатты ашылу рәсіміне мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенді жастар қатысты. Құрметті қонақтар қатарында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Кажденбек Азиз, танымал эколог Скакова Айжан, "Жасыл ел" республикалық штабының төрағасы Нұрасыл Жасұланұлы, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қозғалыстарының мүшелері болды.

Сонымен қатар, жоба аясында Алматы қаласының 5 жетекші жоғары оқу орны мен экологиялық бағыттағы серіктес ұйымдар тартылып, жастарды жұмыспен қамту бойынша бірлескен жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Бұл серіктестік жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға және олардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Іс-шара аясында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлаған отандық танымал орындаушылар Думан Марат пен ADIL өз өнерлерін көрсетті.

Жобаның қатысушысы, "Жасыл ел" қатарында үшінші жыл жұмыс істеп жүрген студент Олжабай Мерей өз әсерін бөлісті:

"Жасыл ел – бұл жай ғана көгалдандыру жұмысы емес, бұл – жауапкершілік, достық пен даму мектебі. Әр маусым мен үшін туған қалама үлес қосуға, жаңа адамдармен танысып, өз еңбегімнің маңыздылығын сезінуге үлкен мүмкіндік", – деді ол.

2004 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан "Жасыл ел" бағдарламасы бүгінде Қазақстандағы ең ірі экологиялық-еңбек жастар жобаларының біріне айналды. Алматы қаласында бұл бағдарлама жыл сайын мыңдаған жасты біріктіріп, олардың еңбекке, патриотизмге және экологиялық мәдениетке деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.