Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы а...

Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде

Әлеумет 01.03.2024, 14:24 1,215
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Сурет: Алматы қ жастар саясаты басқармасы

Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар, соның ішінде табиғи апаттар қаупі – қоғамды алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі. 


Осы орайда Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, қаламыздағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерін сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Логистика және көлік Академиясында ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор  Сандуғаш Баймұхамбетовамен   өткен кездесуде төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік шаралары пысықталды. Сандуғаш Амантайқызы алматылықтар тап болуы мүмкін барлық төтенше жағдайлар туралы толық пайдалы ақпарат берді.



–  Төтенше жағдайлар, табиғи апаттар қоғамдағы әр азаматтың өміріне және оның материалдық шығындарына әкеп соғады. Азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықта болуын талап етеді. Соған орай, азаматтарымыз, соның ішінде жастарымыз өзін-өзі қорғай алатындай төтенше жағдайға дайын болуын қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан осындай ақпараттандыру шараларының өтуі өте маңызды , - дейді  ТЖД өкілі Сандуғаш Амантайқызы.


Сондай-ақ, іс-шарада табиғи апат немесе адамдардың қателігінен болатын өрттің бетін қайтаруға дайындық, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша мәселелер түсіндірілді. Ақпараттандыру жұмыстарының алғашқы күндері қаламыздың 20 ЖОО-нан 1000-ға жуық адам қатысты. Қалған оқу орындарында аталмыш шара 5 наурызға дейін жалғасып, жалпы 2000-ға жуық адам қатысады деп жоспарлануда.


Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қала жастарына жер сілкінісі кезіндегі ережелер мен алғашқы көмек бойынша ақпаратты цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы басқарма басшысы Қайыржан Меңдіғалиев айтты.


–  Біз  Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, қала тұрғындарын сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстарын жеңілдету үшін, жер сілкінісі кезіндегі ережелер мен алғашқы көмек бойынша арнайы білім беру бағдарламасын цифрландырып,  қысқа мерзімді курс арқылы jasalmaty.kz ақпараттық порталына орналастыруды жоспарлап отырмыз. Жастарды кеңінен ақпараттандыру үшін онлайн курсты іске қосатын боламыз. Себебі әрбір жас алматылық   жер сілкінісі кезіндегі алғашқы қадамды білу қажет, - деді өз сөзінде Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.



Сонымен қатар, алдағы уақытта қаламыздағы  8 комьюнити орталығында жастарға қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар іс-шаралар  ұйымдастырылатын болады.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #Алматы #сейсмика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.