ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда жастарға арналған мансап күндері басталды...

Алматыда жастарға арналған мансап күндері басталды – жоба 8 мыңнан астам қатысушыны қамтиды.

Алматы 02.04.2025, 13:10 846
Алматыда жастарға арналған мансап күндері басталды – жоба 8 мыңнан астам қатысушыны қамтиды.
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан «Жастарға арналған жалпықалалық мансап күндері» ауқымды жобасы басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан «Жастарға арналған жалпықалалық мансап күндері» ауқымды жобасы басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Бастаманың мақсаты - жас мамандарға жұмыс табуға, кәсіби дағдыларын дамытуға және әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектесу. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қалалық мансап орталығының жұмыс берушілермен және әріптестермен жұмыс бөлімінің басшысы Ақарыс Төребеков хабарлады.

«Қазақстан халқының 27%-ын жастар құрайды – бұл 5,3 миллион адам. Жыл сайын еңбек нарығына 250 мыңға жуық жас маман шығады, алайда олардың барлығы бірден өз мамандығы бойынша жұмыс таба бермейді. Біз бұл жағдайды өзгерткіміз келеді», – деді спикер.

Оның айтуынша, алғашқы бос орындар жәрмеңкесі 31 наурызда Алмалы ауданында, Алматы технологиялық университетінің базасында өтті. Іс-шараға 50-ден астам жұмыс беруші мен 500-ден аса жұмыс іздеуші қатысты.

«Біз жастарға жұмыс табумен қатар, өз дағдыларын дамытуға, нарық талаптарын түсінуге және мотивация алуға мүмкіндік беретін бірыңғай алаң құрып жатырмыз», – деп атап өтті Ақарыс Төребеков.

Ол жақын арада жоба қаланың барлық аудандарын қамтитынын айтты. 14 сәуірде бос орындар жәрмеңкесі Медеу ауданында Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің базасында, ал 24 сәуірде Бостандық ауданында Satbayev University базасында өтеді. Көктемнің соңына дейін тағы бес, ал күзде үш іс-шара өтеді.

Ұйымдастырушылар 8 мыңнан астам жастарды қамтуды және кемінде 500 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді жоспарлап отыр. Жәрмеңкелерден басқа, кәсіпорындарға экскурсиялар және БАҚ пен әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық қолдау қарастырылған.

«Жалпықалалық мансап күндері» жобасы жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетудегі маңызды қадам болады және алматылық жастар арасында кәсіби дамуға тұрақты ынталандыруды қалыптастыруға көмектеседі», - деп қортындылады спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.