AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Жастар күніне орай квест-ойыны мен әлеуме...

Алматыда Жастар күніне орай квест-ойыны мен әлеуметтік жобалар көрмесі өтті

Барлығы 11.08.2025, 17:23 877
Алматыда Жастар күніне орай квест-ойыны мен әлеуметтік жобалар көрмесі өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда Халықаралық жастар күніне арналған «Alma Love» жастар фестивалі аясында «JASTAR JOLY» квест-ойыны және «SOCIAL LAB» әлеуметтік жобалар көрмесі сынды екі маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасы хабарлады.

Квест-ойынға қатысуға 1000-нан астам жас тұрғын өтініш білдірді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша шамамен 40 команда жарысқа жолдама алды. Бес кезеңнен тұрған квест барысында қатысушылар қаланың саябақтарымен жүріп өтіп, ұйымдастырушылардың тапсырмаларын орындады, Алматының тарихы мен мәдениеті жөніндегі сұрақтарға жауап берді және интерактивті ойындарға қатысты.

– Бұл квест мен үшін қызықты әрі пайдалы тәжірибе болды. Сұрақтар әртүрлі тақырыптарды қамтыды: кейбірі логика мен білімді, кейбірі тез шешім қабылдауды талап етті. Осы ойын арқылы Алматы жайлы көп жаңа мәлімет білдім, бұрын бармаған жерлерімді көрдім. Сондай-ақ командалық жұмыстың маңыздылығын сезіндім және жаңа адамдармен таныстым, – деді жоба қатысушысы Мақсат Сағдиев.

Төрт кезеңнің нәтижесі бойынша Арбатта өткен гранд-финалға бес үздік команда шықты. Жеңімпаздар марапатталды.

Фестиваль аясындағы тағы бір маңызды шара – «SOCIAL LAB» көрмесі қаланың ең ірі сауда орталықтарының бірінде өтті. Онда 20-дан астам жастар жобасы таныстырылды: инклюзивті театр, волонтерлік бастамалар, ашық аспан астындағы кинопоказдар, тегін оқу курстары, «Тілдер саябағы» жобасы, профилактикалық бағдарламалар, сондай-ақ жасанды интеллект пен робототехника бағытындағы бастамалар.

– Көрменің басты мақсаты – әлеуметтік маңызы бар жобаларды тұрғындарға таныстыру және оларды қолдау. Біз жастардың бастамаларын іске асыруға және оларды қоғамдық өмірге белсенді тартуға жағдай жасаймыз, – деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Көрме қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды. – Мұнда көптеген пайдалы әрі қызықты жобаларды көрдім. Болашақта осындай бастамаларға қатысып, үлес қосқым келеді, – деді жас қатысушы Ғани Мамыр.

Айта кетейік, Алматыда 3 тамыздан бастап Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік өтіп жатыр. Бағдарламада экологиялық акциялар, спорттық турнирлер, квест-ойындар, Open Mic форматындағы концерттер және басқа да шаралар бар. Фестивальдің салтанатты жабылуы 12 тамызда Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Қонақтарды қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт және Алматының белсенді жастарын марапаттау рәсімі күтіп тұр. Кіру тегін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жастар күні #жастар фестивалі #квест
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);