AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жасанды интеллект пен стартапты дамытуға...

Алматыда жасанды интеллект пен стартапты дамытуға арналған бағдарламалар іске қосылады

Әлеумет 04.09.2025, 12:50 877
Алматыда жасанды интеллект пен стартапты дамытуға арналған бағдарламалар іске қосылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша бір жылдық білім беру бағдарламасы басталды. Онда мемлекеттік мектептердің 10 мың оқушысы білім алып, байқаудан кейін олардың ішінен 1 мың оқушы junior-әзірлеуші біліктілігін алады. Бағдарламаның практикалық бөлімінде жасанды интеллектіні қолданып, 1 мың цифрлық өнім жасалады.

«Бүгін біз цифрлық дамудың жаңа деңгейіне шықтық. Алматы жасанды интеллектіні қолдана отырып, озық шешімдерді енгізіп, мамандар даярлайтын орталыққа айналып келеді», – деді Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков.

Жыл соңына дейін қалада екі жаңа білім беру орталығы ашылады. Біріншісі – TUMO Алматы деп аталатын, 12–18 жастағы жасөспірімдерге арналған креативті технологиялар орталығы. Ол бағдарламалау мен робототехникадан бастап, генеративті жасанды интеллект, анимация және жаңа медиаға дейінгі 15 бағытты қамтиды. TUMO әдістемесін қазірдің өзінде 12 ел қолдануда.

Екінші жоба – 18 жастан асқан жастарға арналған алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School. Мұнда оқу барысына мұғалім араласпай, нақты істі шешу тәжірибесі қолданылады. Алматыдағы жаңа цифрлық білім беру экожүйесінің іргетасы болғалы тұрған бұл мектептер болашақ мамандарды даярлауға бағытталған.

Жаңа мектептер мен стартаптарға арналған бағдарлама қаланың цифрлық экожүйесінің негізгі элементіне айналып, заман талабына сай мамандарды даярлауға көмектеседі.

Сонымен қатар, қалада ІТ және стартап экожүйесін дамытуға арналған үш жылдық бағдарлама іске қосылмақ. Оның мақсаты – көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология, медицина, қоғамдық қауіпсіздік пен білім беру салаларында Алматыны жасанды интеллект шешімдерін кеңінен қолданатын пилоттық алаңға айналдыру.

Бағдарлама аясында 300-ге дейін жобаға қолдау көрсетіліп, оның кемінде 15-і қалалық инфрақұрылымға енгізіледі. 15 мемлекеттік құрылым жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйреніп, шешімдерді сынауға арналған технологиялық құралдар құрылмақ. Жобаға 100 миллион доллар көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);