AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушыларына...

Алматыда “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушыларына ерлік сабағы өткізілді

Заң мен тəртіп 14.02.2025, 16:42 1,335
Алматыда “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушыларына ерлік сабағы өткізілді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қалалық ПД-да ерлік сабағына қаланың он жалпы білім беретін мектебінің “Жас сақшы” полиция сыныптарының оқушылары шақырылды.

Кездесудің тақырыбы: “Ауғанның отты жылдары”. Оған сондай-ақ Генералдар Кеңесі, Ауған соғысы ардагерлерінің қызметін үйлестіру Кеңесінің өкілдері, ІІО ардагерлері және т.б.қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 – Мақсат – жас буын полиция қатысушыларын аға ардагерлермен таныстыру, Қазақстан полициясының имиджін көтеру, ерлік пен батылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты тәрбиелеу. Сонымен қатар, жастар арасында мейірімділік пен өзара қолдау көрсету мәдениетін, әлеуметтік байланыстарды, сондай-ақ айналадағы азаматтарға қамқорлық пен көмек көрсетуді насихаттау, - деді Қазақстан Республикасы Генералдар Кеңесі республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бексұлтан Сәрсеков.

 Ерлік сабағында ардагерлер оқушыларға мейірімділік пен жанашырлықтың, игі істер жасаудың, бір-біріне көмектесудің маңыздылығын айтып берді. Қатысушылар жанқиярлық еңбек көрсеткен ардагерлердің естеліктерін зор ықыласпен тыңдады. Шара барысында мектеп ішінде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсене қатысып, полицияға көмек көрсеткен “Жас сақшы” взводының командирлері алғыс хаттармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жас сақшы #Ерлік сабағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);