Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жас кәсіпкерлер клубы ашылды

Алматыда жас кәсіпкерлер клубы ашылды

Әлеумет 22.05.2023, 12:23 1,369
Алматыда жас кәсіпкерлер клубы ашылды
Сурет: Ашық дереккөз

18 және 35 жас аралығындағы жастар клубтың мүшесі бола алады


Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кәсіпкерлер клубының ашылуы және жастар үшін басқа да мүмкіндіктер туралы "Кәсіпкерлер клубы" жобасының басшысы Темірлан Сали, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығын дамыту бөлімінің бас маманы Күләш Әділбекова және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиелеу бөлімінің бас маманы Нұрберген Таңырбергенұлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жобаның мақсаты - Алматы қаласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жас кәсіпкерлердің тұрақты қоғамдастығын құру және дамыту.


Ұйымдастырушылар атап өткендей, клуб өз бизнесін ашуға және дамытуға ниет білдірген жастарды біріктіруге арналған.


"Алматы қаласында жастар саясаты басқармасының қолдауымен “Жас кәсіпкерлер клубы” ашылды. Біз жастарға мемлекеттік қолдау, гранттар және оларға арналған түрлі мүмкіндіктер туралы айтып, қолдау көрсетеміз", - деді Т. Сали.


Алматы қаласында тұратын 18 және 35 жас аралығындағы жастар клубтың мүшесі бола алады.

Клуб аясында арнайы тәлімгерлік және сараптамалық консультациялар, бизнес-жаттықтырушылармен қарым-қатынас, іскер қоғамдастықпен, бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, пікірталас, конференция, дәрістер сияқты түрлі форматтағы онлайн іс-шаралар өткізіледі. Оған қоса сарапшылар мен тәжірибелі кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.


Клуб мүшелері қоғамдастықтың бір бөлігіне айналып, бір-бірімен тәжірибе алмаса алады, сонымен қатар қаланың танымал кәсіпкерлерімен өзара әрекеттесуге мүмкіндік алады.


Өз кезегінде, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ кредиттеу бөлімінің бас маманы Нұрберген Танырбергенұлы жас кәсіпкерлер үшін  қолайлы мүмкіндік - 2,5% микрокредиттеу  туралы айтып берді.


"Осы жылдың наурыз айынан бастап бізде жастарға шағын несие беру бағдарламасы басталды. Қазіргі уақытта біз несиелік өтініштерді қарастырамыз және қабылдаймыз. Дәл қазіргі уақытта алғашқы өтінімдер мақұлданып, қаржыландыру кезеңінде тұр", - деп бөлісті ол.


Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек нарығын дамыту бөлімінің бас маманы Күләш Әділбекова аталмыш мақсаттарға байланысты Алматыда мың адамға 5 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.


Қарыз алушыларға қойылатын негізгі талаптар:


- 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар
- ЖК түріндегі тіркеудің болуы (өтінім беру кезінде 5 жылдан аспауы қажет)
- соңғы екі жылда несие тарихы бойынша 180 күннен артық кешіктірудің болмауы
- өтініш берген кезде салық және несие бойынша берешектің болмауы


Кредиттеудің ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін, ал сыйақының пайыздық мөлшерлемесі 2,5%  жылдық мөлшерлемені құрайды. Жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік (тұрғын үй, пәтер, ауыл шаруашылығы бағытындағы жер учаскелері) түріндегі кепілдің болуы міндетті шарт болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #клуб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.