Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Jas Camp 2024» жастар лагері өтті

Алматыда «Jas Camp 2024» жастар лагері өтті

Әлеумет 12.09.2024, 15:41 1,544
Алматыда «Jas Camp 2024» жастар лагері өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Jas Camp»: Алматы жастарына арналған лагерь өз мәресіне жетті

Алматыда қала күні қарсаңында қаламыздың 100-ге жуық жастарының басын қосқан «Jas Camp 2024» лагері өтті. Қатысушылардың қатарында белсенді жастар, волонтерлер және NEET санатындағы жастар болды, деп хабарлайды  aqshamnews.kz

Биыл лагерь  «Ақбұлақ» тау-шаңғы курортында өткен. Қала жастары үшін 5 күн бойы түрлі шеберлік сабақтар, тренингтер, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде мемлекеттік орган қызметкерлері, бизнес, білім беру, журналистика және спорт саласының мамандары шақырылған.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының мәліметінше, қалада жастарды әлеуметтендіру бағытында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы биылдың өзінде қала денгейінде 1000-нан аса білім беру, экологиялық, мәдени және спорттық  шаралар өтті. Оның ішінде, «IQ-ALA jastary», «Jas GALA», Жас сарапшылар мен пікірсайысшылар клубы, «Тәуелсіздік ұрпақтары», «ALMA CUP», «Youth Nomad» және т.б бар. Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың мәдени-қоғамдық өміріне тартып, олардың жеке дамуына ықпал етіп және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған. 

Қатысушылар да лагердегі күндерінің қалай өткені мен әсерлерімен бөлісті.

«Лагерден алған әсерімді айту мүмкін емес. Алғашқы күннен бастап, пайдалы ақпаратпен бөліскен мықты спикерлер келді. Барлығы жоғарғы денгейде өтті. Ең бастысы осы лагерь арқылы ортамызды кенейтіп, жаңа достар таптым», - деді лагерге қатысушы Алшын Әбдікамал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Jas Camp» #Алматы #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.