AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АЛМАТЫДА «ЖАС БҮРКІТ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

АЛМАТЫДА «ЖАС БҮРКІТ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Әлеумет 24.02.2025, 18:44 954 Nursok82
АЛМАТЫДА «ЖАС БҮРКІТ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Шараны ұйымдастырушылардан

Алматы қаласындағы №118 мектеп-гимназиясында Ұлттық ұланның тағы  да бір «Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныбы ашылды. Іс-шара барысында полковник Мақсат Баймағұлов басшылық ететін Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі мен мектеп-гимназия арасында ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды. Аталған іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқан «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

№118 мектеп-гимназиясының оқушылары алғаш рет «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысына мүше болды. Мүшелікке 3 «З» сыныбының 36 оқушысы толық өтті. Олар «Жас бүркіт» антын қабылдады.
5571 әскери бөлімінің өкілдері жаңа құрылған «Жас бүркіт» сыныбына    «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының туын, арнайы эмблемасы, береті мен банданын табыстады. Сондай-ақ, бөлімнің әскери оркестрі мен мектеп оқушылары бірлесіп концерттік бағдарлама ұсынды.

2023 жылы өткен Бүкілармиялық Кеңесте Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беру қажеттігін және батырларымыздың ерлігін үнемі дәріптеп отыру керектігін атап өткен еді. 

Айта кетсек, Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысы 2003 жылы Шымкентте құрылған. Бүгінде еліміздің барлық қаласында бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныбы #жас ұрпақ #патриотизм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);