AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Жарқын күз» науқаны басталады

Алматыда «Жарқын күз» науқаны басталады

Әлеумет 17.10.2024, 16:42 1,276
Алматыда «Жарқын күз» науқаны басталады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған «Жарқын күз» науқаны басталады. Алдағы күндері қаланы күзгі-қысқы кезеңге дайындауға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

18-24 қазан аралығында Алматыда қала көшелерінде, аулаларда, қоғамдық кеңістіктерде және жол инфрақұрылымы бойында ағаштарды санитарлық өңдеу, құлаған жапырақтар мен қоқыстарды жинау бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған. Сондай-ақ Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы, Қарғалы, Боралдай, Жарбұлақ, Тіксай және Үлкен Алматы каналы сияқты өзендер мен сулардың жағалауларын қоқыстан тазарту көзделген.

Қалалық коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар жалпы ұзындығы 1 525 км арық желілерін тазарту бойынша жұмысты күшейтеді. Бұл арықтардың бітеліп қалуының алдын алуға және жаңбыр суын тиімді бұруға ықпал етеді. Тазалау процесіне 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1,4 мың жол жұмысшысы қатысады, олар 5 мыңнан астам аула учаскелерін, жүріс бөліктері мен тротуарларды ретке келтіреді.

Айта кету керек, қоршаған ортаны қалдықтармен, соның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтармен ластау мәселесі мегаполис үшін өзекті болып қала береді. Тек арық желілерінен коммуналдық қызмет қызметкерлері күн сайын 250 м³ қоқыс жинайды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ағаштар мен үлкен бұтақтардың құлау қаупін азайту мақсатында 3,7 мың ағашты санитарлық кесу жүргізіледі, сондай-ақ 460 апатты ағаш алынып тасталады.

Сонымен қатар, науқан барысында 1 454 контейнерлік алаңды санитарлық өңдеу және 32 мыңнан астам көше мен аула урналарын тазалау жүргізіледі. Қажет болған жағдайда контейнерлер жөнделеді және сырланады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны қалалық инфрақұрылымға деген қамқорлықты дамытуға және қала тұрғындары арасында жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #«Таза Қазақстан» #жарқын күз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);