Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Жаңа Қазақстан һәм Шығыс әлемі» атты ғыл...

Алматыда «Жаңа Қазақстан һәм Шығыс әлемі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Әлеумет 22.10.2022, 17:00 1,736
Алматыда «Жаңа Қазақстан һәм Шығыс әлемі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Сурет: Baq.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты «Жаңа Қазақстан һәм Шығыс әлемі: ынтымақтастық тарихы, болашағы және өзекті мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлайды  Almaty-akshamy BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни, сондай-ақ, өркениет және мәдениетаралық қарым-қатынастардың аспектілерін жан-жақты талқылау, проблемалары мен перспективаларын қарастыру. 


Біз тарихымызды, әсіресе Қазақстанның көрші елдермен, соның ішінде шығыс әлемімен серіктестігі диалогын дамытуды зерттеуіміз керек. Тарихи дәстүрлердің ауызша және жазбаша дереккөздерін негізге ала отырып, сонымен бірге бүгінде шығыстанушы командамызбен шетелдік қорлардан көптеген визуалды артефактілер әкелінді. Соларды да зерттеп жатырмыз, - деді Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының тарихи материалдарын зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталықтың директоры Меруер Әбусейітова.


Конференцияға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев конференция қатысушыларын келе жатқан Республика күнімен құттықтады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те онлайн құттықтады.  Сондай-ақ, Қазақстан мен шет елдердің белгілі шығыстанушы ғалымдары, тарихшылар, мәдениеттанушылар, филологтар, дінтанушылар, саясаттанушылар, экономистер, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, дипломаттар, мемлекеттік билік органдары, бизнес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.


Халықаралық ғылыми-практикалық конференция нәтижелері бойынша келесідей мақалалардың электрондық жинағын шығару жоспарланып жатыр:


Қазақстан, Орталық Азия мен Шығыс елдері халықтарының тарихы, діні және мәдениетіне қатысты жаңа шығыс және батысеуропалық  жазбаша, мұрағаттық, ауызша материалдар, артефактілер;
Қазақстан мен Шығыс елдерінің экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастығы саласындағы сыртқы саяси трансформациялар;
Қауіпсіздікті нығайту мен СВМДА, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және ИЫҰ тәрізді ұйымдармен серіктестік қатынастарды дамытудағы қазақстандық бастамалар контексіндегі «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» диалогы;
Жібек жолы дамуының тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық аспектілері;
Геосаяси шиеленісушілік пен жаһандық қауіп-қатердің өсімі жағдайындағы Азия кеңістігінің қауіпсіздігі;
Өзгермелі әлем дамуының салдары және олардың Қазақстан мен Шығыс елдеріне жасайтын ықпалына баға беру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шығыс әлемі #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.