Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа жылыту маусымына дайындық кесте бойы...

Алматыда жаңа жылыту маусымына дайындық кесте бойынша жүріп жатыр

Әлеумет 14.07.2023, 08:59 1,136
Алматыда жаңа жылыту маусымына дайындық кесте бойынша жүріп жатыр
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев «Алматы жылу желілері» ЖШС алдағы 2023-2024 жылыту кезеңіне дайындық мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізді. Қала басшысы тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының жұмысымен және кәсіпорынның бас диспетчерлік пунктімен танысты. Аралау барысында қала әкімі Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесі нысандарының ауқымын кеңейту және диспетчерлеуді жаңғырту туралы тапсырма берді.



Бұдан кейін қала әкімі тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің, әлеуметтік нысандар мен қаланың тұрғын үй қорының дайындығы бойынша жағдаймен танысты. Энергетика және сумен жабдықтау, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау және білім басқармаларының басшылары мен «Алматы жылу желілері» ЖШС, «АлматыТеплоКоммунЭнерго» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ басшылары Алматының коммуналдық кәсіпорындары жүргізетін жөндеу және дайындық жұмыстарының аралық қорытындысы туралы баяндады.



Энергия кешені мен инженерлік желілердің 2023 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша қысқы жылыту кезеңіне дайындығы кесте бойынша жүріп жатыр, қазір 55,3%-ға дайын. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға көп. Жұмыстың негізгі бөлігі биыл 20 тамызға дейін аяқталады.



Атап айтқанда, жылу желілерінің дайындығы 65%-ға жетті. Жылу көздері, сумен жабдықтау желілері және электр желілерінің дайындығы 50%-дан асты. Көмір мен мазут қорларын жинақтау да жоспар бойынша жүріп жатыр, «АлЭС» АҚ нысандарында 97% көмір (166 мың тоннаның 160,3-і) және 55% мазут (16 мың тоннаның 8,9-ы), «АЖКЭ» ЖШС – 26,4% көмір (120 тоннаның 31,7-і) және 90% мазут (8,7 мың тоннаның 7,9-ы) дайындалды.



Ерболат Досаев тұрғын үйлердің күзгі-қысқы кезеңіне дайындық мәселесіне ерекше назар аударып, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына және аудан әкімдеріне осы жұмысты бақылау бойынша нақты тапсырмалар берді, сонымен бірге қаланың қыс мезгіліне, оның ішінде қаланың барлық әлеуметтік нысанының дайындығы мәселесін бақылауда ұстауды жалғастыратынын атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылыту #маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.