AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті...

Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?

Әлеумет 06.01.2025, 12:32 1,143 Nursok82
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 3 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтқандай, оңтүстік астанада жаңа жылдық мереке күндері тыныш өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Алматы қаласының Полиция департаменті өткен мереке күндері тұрақты криминогендік жағдай туралы хабарлайды. Қызметтер мен бөлімшелердің жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды. Патрульдік полиция нарядтарының саны ұлғайтылды, жаяу патрульдеу маршруттары әзірленді, сондай — ақ құқықтық тәртіпті қорғау үшін Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі тартылды»,- деп атап өтті С.Әзірбек.

Азаматтар көп жиналатын және мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарға ерекше назар аударылды.

31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Алматыда 65 қылмыс тіркелді, олардың көпшілігі мүліктік және тұрмыстық сипатта болды. Оның ішінде 42 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Сонымен қатар, мереке күндері 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді.

Қала жолдарында 26 мас жүргізуші ұсталып, көлік жүргізуден  шеттетілді, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралардың біріне айналды.

«103» пультіне мереке күндері 23 мыңнан астам шақырті келіп түсті, оның 16 мыңына жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетті. Бұл үшін күн сайын 186 бригада тартылды, онда 500-ден астам қызметкер жұмыс істеді.

«Жедел жәрдем қызметіне келіп түскен  шақыртулардың  10-13% -ы жарақаттануға қатысты. Пиротехникалық құралдармен зақымданудың 19 жағдайы тіркелді. 55% жағдайда аяқ — қолдың жарақаттануы, қалған жағдайларда бет, көз және мойын зардап шекті», - деді Жедел медициналық жәрдем қызметінің медициналық бөлімі бойынша директордың орынбасары Андрей Ложкин.

Мереке күндері жылдағы әдетке сай қоңыраулар санының 5-6% - ға артты. Өтініштердің негізгі себептері кенеттен болатын аурулар, тұрмыстық жарақаттар, күйіктер, ішімдіктен және тамақтан улану болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #Тәртіп #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);