ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Жаңа жыл оқыс оқиғасыз өтті

Алматыда Жаңа жыл оқыс оқиғасыз өтті

Әлеумет 06.01.2026, 14:57 231
Алматыда Жаңа жыл оқыс оқиғасыз өтті
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті
2025 жылғы желтоқсан айының басынан бастап Алматыда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды іс-шаралар қолға алынды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, уақтылы...

2025 жылғы желтоқсан айының басынан бастап Алматыда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды іс-шаралар қолға алынды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, уақтылы дайындық пен тұрғындардың жауаптылығының арқасында жаңажылдық мерекелер барынша тыныш өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев осылай деп  хабарлады.

ТЖД қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырып, бұқаралық іс-шаралар өтетін барлық алаңда өрттің алдын алатын тексеру жүргізді. Полиция департаментімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдердің заңсыз айналымын анықтап, жолын кесуге бағытталған «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспары жүзеге асырылды. 2025 жылғы 5 желтоқсан мен 2026 жылғы 3 қаңтар аралығында 180 рейд өткізіліп, 1000 келіден астам сертификатталмаған пиротехника тәркіленді, 137 әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ тұрғындарға пиротехниканы қауіпсіз пайдалану туралы шамамен 900 үгіт-насихат материалы таратып шықты.

«Өрт қауіпсіздігінің бірыңғай күні» акциясы аясында «Атамекен» ҰКП базасында қаланың үлкен базарлары мен сауда-ойын-сауық орталығының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Кәсіпкерлерге  өрт қауіпсіздігінің талабын түсіндіріп, оны бұзғандардың жауапқа тартылатыны айтылды.

Тұрғындар арасында да ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілді: медиабордтарда, сауда үйлерінің LED-экрандарында, емханалар мен ХҚКО-ларда ақпарат таратылды. Мектеп пен балабақшаларда балалар қауіпсіздігіне арналған сынып сағаттары мен сабақтар ұйымдастырылды. Пиротехника сатушылар да өнімді қауіпсіз сатып, сақтауды үйрететін нұсқаулықтан өтті.

Алматы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаевтың айтуынша, қызметтердің бірлескен жұмысы мен тұрғындардың саналы әрекетінің арқасында Жаңа жыл түні қала аумағында бірде-бір өрт тіркелмепті. 31 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында алты өрт шыққанымен, қаза тапқан, жарақат алғандар жоқ, бір адам құтқарылды.

«Қаланың барлық қызметі тынбай жұмыс істеп, тұрғындар да жауапты болғандықтан мереке осы жолы тыныш өтті», - дейді Еркебұлан Жұматаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.