Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар...

Алматыда жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар құрылатын болады

Әлеумет 02.02.2024, 10:46 1,190
Алматыда жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар құрылатын болады
almaty-akshamy.kz

Алматыда жан-жақты жоспарлаудың жаңа жобаларында 200 шақырым веложолдар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын құру қарастырылған


Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленген жан- жақты жоспарлаудың жаңа жобаларын қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жан-жақты жоспарлаудың жаңа жобаларын әзірлеушілердің басшылыққа алған қағидаттардың бірі-қалалық қозғалысқа қатысушылардың әрбір тобы үшін жеке инфрақұрылым, атап айтқанда тротуарлар, веложолдар, автомобиль жолдары, қоғамдық көлікке арналған бөлінген жолақтар құрылуы тиіс.


Мәселен, тарихи орталықта жаңа жобалар бойынша жаяу жүргіншілер аумағы қалпына келтіріледі, ал қалған аудандарда жаяу жүргіншілер байланысы жүйесі жолға қойылады – 2030 жылға қарай Алматыда қосымша 200 шақырым жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар құрылатын болады.


Жалпы,  жаңа жобада табиғи кешендер – Медеу шатқалы, Баум тоғайы, Сайран көлі, Боралдай тоғандары, Іле-Алатау табиғи паркінің аумағы және т.б. арасында жасыл дәліздер құру көзделген.



Үлкен және Кіші Алматы, Есентай өзендерінің жағалауларын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аяқталады, ҮАК бойында демалыс аймағы және басқа да жасыл дәліздер құрылады. Орман-саябақ аймағы Көкқайнар кентінің шығысында, Шаңырақ 1 және 2 шағынаудандары арасындағы  сайлы аймақта, жаңа желілік саябақ – «Батыс» полиорталығы  пайда болуы тиіс. Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінің қиылысында (Әуежайға барар жолда)аумағы  120 га табиғи аумақты көл және екі өзен жағалауымен қоса абаттандыру жалғасады.



Бұдан басқа, Алматының кешенді көлік сызбасын (ККС) әзірлеу аясында велосипед көлігі инфрақұрылымын дамытудың нақты бағдарламасы қалыптастырылуда. Вело-инфрақұрылымды кеңейту бойынша жобаларды іске асыруды бастау ағымдағы жылға жоспарланған. 2024 жылы шамамен 20 шақырым көше үшін жобаларды әзірлеу және іске асыру жоспарлануда.


Веложолақтардың ұзақтығы және жобаларды іске асыру мерзімдері жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеген соң және нақты жобаға сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін айқындалатын болады.


Еске салсақ, Бас жоспарда мегаполисті дамытудың моноорталық моделінен полиоралық модельге көшу қағидаты бар. Осылайша, 2030 жылға дейін 5 полиорталықтар құрылатын болады-олар арнайы аймақтар, қоғамдық және іскерлік белсенділік орталықтары: «Шығыс қақпасы», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-батыс», «Батыс».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Веложолдар #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.