AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда IX халықаралық «Бастау» фильмдер кинофест...

Алматыда IX халықаралық «Бастау» фильмдер кинофестивалі өтеді

Не? Қайда? Қашан? 20.11.2021, 05:40 1,606 Almaty-akshamy
Алматыда IX халықаралық «Бастау» фильмдер кинофестивалі өтеді
Cурет: cinemaplex.ru

Фестиваль Дәурен Қамшыбаевтың байқаудан тыс көрсетілетін дебюттік картинасы – «Зере» фильмінің ұлттық премьерасымен ашылады


2021 жылдың 30 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында Алматыда IX халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Фестивальдің негізгі мақсаты – Еуропа мен Азияның жас кинематографистері арасында ынтымақтастық орнату, олардың жұмыстарын қолдау және ілгерілету, түрлі жанрдағы кинофильмдерді жасауға деген қызығушылықты арттыру. «Бастау» кинофестивалі жас режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын іске асыру үшін бірегей алаң болып табылады. «Бастаудың» конкурстық бағдарламасы 3 бөлімнен тұрады: толықметражды фильмдер байқауы – Bastau DEBUTS, қысқаметражды фильмдер байқауы – Bastau SHORTS және деректі фильмдер байқауы – Bastau DOCS.


Фестиваль Дәурен Қамшыбаевтың байқаудан тыс көрсетілетін дебюттік картинасы – «Зере» фильмінің ұлттық премьерасымен ашылады. Бұған дейін бұл фильм тек Бразилиядағы São Paulo International Film Festival халықаралық кинофестиваліне қатысқан. Картинада басты рөлдерде танымал жұлдыздар Берік Айтжанов, Мұрат Бисенбин, Адина Бажан және Ольга Ландина ойнайды.


Сондай-ақ, конкурстан тыс Айжан Қасымбектің «От» картинасы көрсетіледі. Фильмнің әлемдік премьерасы жақында ғана Пусандағы (Оңтүстік Корея) халықаралық кинофестивальде өтті. Сонымен қатар, биыл фильм Германиядағы Film Festival Cottbus және Сингапурдағы Singapore International Film Festival кинофестивальдеріне қатысты. Ал басты рөлді сомдаған Төлепберген Байсақалов Сочидегі X Russian British Sochi international film festival & Awards 2021 кинофестивалінде және Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival кинофестивалінде екі бірдей марапатты жеңіп алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #фестиваль #Бастау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);