ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда IV республикалық Абайтану олимпиадасы өті...

Алматыда IV республикалық Абайтану олимпиадасы өтіп жатыр

Әлеумет 19.05.2022, 08:15 1,206
Алматыда IV республикалық Абайтану олимпиадасы өтіп жатыр
Сурет: Turkystan.kz
Олимпиада екі айналымда өтеді.

Олимпиада екі айналымда өтеді.


Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында IV Республиклық Абайтану олимпиадасы өтті,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.


Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіруге бағытталған олимпиаданың мақсаты – М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілу, Абайдың шығармашылығы мен өнегелі өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдану, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сол арқылы Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсіну, Абай қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын ұғыну, Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдану.


Олимпиада екі айналымда өтеді. 1-айналымда қатысушы Абайдың қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазады.  Ал 2-айналымда М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан берілген үзіндінің қай тарау, қандай бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырады. Роман мазмұнынан «сократтық» сұрақтар беріліп, логикалық деңгейі тексеріледі. Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап береді. Әр жанрдағы шығармаларына жан-жақты талдау жасап, алған тәлімі мен білімін сарапқа салып, сыннан өткізеді. Абайтанушылар жайлы таным-деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ,  М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталады.


Олимпиаданың Республикалық кезеңіне облыстық, қалалық деңгейден жеңімпаз болған оқушылар, атап айтқаннда, 14 облыс, 3 қала, Республикалық білім беру ұйымдары, НЗМ ДББҰ, Абай мектептері желісі бойынша жалпы саны 130 оқушы қатысты.  Жүзден озар жүйріктерді белгілі Абайтанушы, әдебиетшы-тілші, зерттеушілер анықтайды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықпен марапатталады. Жан-жақтан жиналған қатысушылар мен жетекшілер М.Әуезов атындағы театрға барып, қойылым тамашаласа, жетекшілерге коучинг-семинар көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,444 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.