конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалі баста...

Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды

Алматы 23.07.2026, 10:09 252
Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде IV Халықаралық цирк өнері фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы фестиваль әлемнің әр түкпірінен келген цирк артистерін, режиссерлерді, продюсерлер мен сала сарапшыларын бір алаңға жинады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.

Фестиваль халықаралық баспасөз конференциясымен басталды. Оған қазылар алқасының төрағасы, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов, қазылар алқасының мүшелері, Ресей, Тәжікстан, Швейцария және АҚШ-тың цирк ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ Cirque du Soleil компаниясының кастинг және таланттарды іріктеу жөніндегі директоры Ирина Науменко қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар заманауи цирк өнерінің даму үрдістерін, халықаралық әріптестікті нығайту және мәдени байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.

Ашылу салтанатына арнайы жаңа сахналық костюмдер мен көркем бейнелер әзірленді. Биыл фестиваль манежінде алғаш рет Түркия, Франция және Швейцарияның артистері өнер көрсетеді.

Байқау бағдарламасы аясында қатысушылар Гран-при, сондай-ақ үш алтын, үш күміс және үш қола жүлдені сарапқа салады. Халықаралық қазылар алқасы артистердің кәсіби шеберлігін, қойылымдардың ерекшелігі мен орындау деңгейін бағалайды.

Салтанатты рәсім барысында алғаш рет осы фестивальге арнайы жазылған ресми әнұран шырқалды. Ресми бөлімнен кейін манежде әртүрлі елдердің артистері қатысқан байқау бағдарламасы басталды.

1-23 тамыз аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен арнайы цирк бағдарламасы өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Цирк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);