AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда итті көлікке байлап сүйреген адам ұсталды...

Алматыда итті көлікке байлап сүйреген адам ұсталды

Заң мен тəртіп 13.02.2026, 12:01 547
Алматыда итті көлікке байлап сүйреген адам ұсталды
Видео кадры

Алматыда біреу итті шынжырмен көлікке байлап, жол бойымен сүйреген, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Әлеуметтік желілерде иттің адамшошырлық видеосы тарады. Оның мойнында көлікке байланған шынжыр болған. Видео авторы оқиға биыл 12 ақпанда болғанын, біреулер итті әдейі байлағанын айтып, көмек сұрайды. Жазбада иттің тірі екені көрсетілген.

Полиция не дейді?

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің сөзінше, бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, көлік жүргізушісін анықтаған.

"Көлік иесі анықталды. Ол жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп мәлімдеді ПД өкілдері.

Полиция жануарларға жасалған кез келген қатыгездік деректері белгіленген тәртіппен тіркеліп, тергелетінін еске салды. Азаматтардың барлық өтініші есепке алынады, ал бұзақылар қолданыстағы заңнама аясында жауап береді.

Жауапкершілік қандай?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсету үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.

  • ӘҚБтК-нің 407-1-бабы бойынша мұндай әрекеттер үшін айыппұл 5-тен 40 АЕК-ке дейін (2026 жылы 21 625 – 173 000 теңге), құқықбұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленеді.
  • ҚК-нің 316-бабы бойынша (жарақат келтіру немесе өлімге әкелу жағдайларында) айыппұлдар қатаңырақ: 120-дан 1000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 519 000 – 4,3 млн теңге). Бұл бап бойынша ең ауыр жаза - 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бостандығын шектеу.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ит #қатыгездік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);