ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ішкі медицина мамандарының І ұлттық конгр...

Алматыда ішкі медицина мамандарының І ұлттық конгресі жұмысын бастады

Әлеумет 03.10.2024, 17:45 780
Алматыда ішкі медицина мамандарының І ұлттық конгресі жұмысын бастады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан, Қырғызстан, РФ, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Германия, Түркия, Швеция мен Украина ішкі медицинасының әр бағыттағы жетекші мамандарын бір алаңда біріктіретін ауқымды іс-шара біздің...

Қазақстан, Қырғызстан, РФ, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Германия, Түркия, Швеция мен Украина ішкі медицинасының әр бағыттағы жетекші мамандарын бір алаңда біріктіретін ауқымды іс-шара біздің елімізде алғаш рет өтіп отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ұйымдастырушылары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Қазақ ішкі медицина мамандарының қауымдастығы және Қазақ ішек ауруларын зерттеу жөніндегі ғылыми қоғамы.

Конгреске еліміздің барлық өңірінен келген терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, эндокринолог, кардиолог, кардиохирург, реаниматолог, интервенционист, нефролог, аллерголог, ревматолог, пульмонолог, гематолог, гастроэнтеролог, эндоскопист, орфандық ауруларды бақылауға тартылған дәрігерлер қатысуда.

Конгресстің міндеті - ішкі медицинаның негізгі бағыттары бойынша заманауи теориялық және практикалық тәжірибені біріктіру. Қатысушылар диагностика мен емдеудің әлемдік трендтерін, ынтымақтастық мәселелерін талқылауда. Конгресс еліміздегі медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін білім мен үздік клиникалық тәжірибелерді шоғырландыру алаңына айналдыруға бағытталған.

Дәрігерлер мен ғалымдар заманауи клиникалық практиканың өзекті мәселелерін, ауруларды диагностикалау мен емдеудегі жаңа ғылыми тәсілдерді талқылауда. Іс-шара терапия, ревматология, кардиология, эндокринология, гастроэнтерология, нефрология, аллергология және басқа да салалардағы бірлескен жұмыс пен үздік тәжірибелерді шоғырландыру үшін бірегей алаңға айналып отыр.

«Біздің институт терапиялық бейіндегі пациенттерге мамандандырылған көмекті дамытып, енгізу үстінде. Көптеген созылмалы инфекциялық емес ауруларды емдеуде ерте диагностикалау мен терапияның түрлі жаңа технологияларын үздіксіз енгізудеміз. Институтта орфандық және эндокриндік патология, диабеттік табан бойынша мамандандырылған орталықтар, сондай-ақ ішектің қабыну аурулары бар науқастарға арналған орталық және нутритивтік қолдау кабинеті жұмыс істей бастады. Бұл тәсіл терапияның тиімділігін арттырады және ішкі ағзалардың түрлі ауруларын емдеу нәтижелерін жақсартады», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Ертең де жалғасатын іс-шарада халықаралық тәжірибесі бар сарапшылардың баяндамалары тыңдалады, панельдік пікірталастар, клиникалық жағдайларды талдаумен практикалық сессиялар өтеді, сондай-ақ “Жас ғалымдар” байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.