Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ірі көлемді қоқыстарды шығару жұмыстары к...

Алматыда ірі көлемді қоқыстарды шығару жұмыстары күшейтілді 

Әлеумет 23.08.2024, 10:09 1,472
Алматыда ірі көлемді қоқыстарды шығару жұмыстары күшейтілді 
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алматыда ірі көлемді қоқыстарды шығару бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

 

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Полиция департаментімен бірлесіп ірі көлемді қоқысты шығару ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала аумағын көріктендіру ережесін сақтау үшін ірі көлемді қоқыстарды жинайтын негізгі орындарда қосымша бейнебақылау камералары орнатылды. Сондай-ақ, қалада тазалықты сақтау қажеттілігі туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр, жеке және заңды тұлғалардың Алматы қаласының аумағын көріктендіру қағидасының талабын бұзу фактісін анықтау және тұрғындардың контейнерлік алаңға ірі көлемді қоқысты шығармау бойынша рейдтер ұйымдастырылды.

Алматыда бүгінде тұрғындардың контейнерлік алаңның іргелес аумағына тұрмыстық техника, сантехникалық бұйымдар және басқа да істен шыққан ескі жиһаз сынды ірі көлемді қоқыстарды тастау мәселесі бар. Сонымен қатар, қоқыс жәшіктерінің жанында плитка, кірпіш және т. б. құрылыс қалдықтарын көруге болады.

Қоқыс шығаратын машиналар ірі көлемдегі қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығара алмайды, өйткені бұл қоқыс таситын машиналардың престеу аппаратын істен шығаруы мүмкін.

Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидасына сәйкес жылжымайтын нысандарды салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды (жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы бөлінген орындарға өздері апаруы керек.

Алматы қаласының аумағын көріктендурі ережесіне сәйкес ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығаруды ірі көлемді қоқыстарды шығару шарты негізінде кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздері не қоқыс шығаратын кәсіпорындар жүргізеді.

Осылайша, үйіне жөндеу жүргізетін тұрғындар, сондай-ақ ірі көлемді қоқыс пайда болған кезде мамандандырылған ұйымдарға хабарласып, ақылы техниканы шақыруы немесе қалдықтарды полигонға өз бетінше шығаруы керек. Полигондар Алматы облысының Іле және Қарасай аудандарында орналасқан.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабында көріктендурі ережелерін бұзу жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкелетінін ескеру қажет

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Таза Қазақстан» #Алматы #қоқыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.