ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «IQ-ALA JASTARY» финалы өтіп жатыр

Алматыда «IQ-ALA JASTARY» финалы өтіп жатыр

Алматы 31.05.2025, 14:49 701
Алматыда «IQ-ALA JASTARY» финалы өтіп жатыр
Самат Құсайынов
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің акт залында Алматы жастарының асыға күткен білім бәсекесі – «IQ-ALA JASTARY» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өтіп жатыр.

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің акт залында Алматы жастарының асыға күткен білім бәсекесі – «IQ-ALA JASTARY» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өтіп жатыр. 

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жауһар» қоғамдық қоры ұйымдастырған зияткерлік дода Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған.  

Жобаның мақсаты – жастардың білімге құштарлығын ояту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Исмаил Нұрислам Оразаұлы, «Жауһар» қоғамдық қорының директоры:
– Биыл «IQ-ALA JASTARY» ойынына мыңнан аса жас қатысты. Іріктеу кезеңдерінде 100-ден аса команда өзара бақ сынады. Соңғы финалға әр лига бойынша 5 үздік командадан іріктеліп, 20 команда жолдама алды. Жүлде қоры – 1 000 000 теңге. Бұл – жастарды ынталандырудың бір жолы. 
Финал төрінде төрт түрлі санаттағы командалар – студенттер, жұмысшы жастар, белсенді жастар және түрлі әлеуметтік топтар өкілдері өзара білім мен логика бойынша сынға түсіп жатыр.

Ойын барысында командалар күрделі сұрақтарға жауап беріп, өзара тығыз бәсекеге түсті. Әр қатысушының жүзіне толқу мен сенімділік қатар ұялаған.

Шұғыла Бүрлібаева, «Аққу, Шортан һәм Шаян» командасының мүшесі:
– Командамыз бірнеше жылдан бері бірге ойнап келеді. Алматыдағы түрлі интеллектуалды жарыстарға қатысқан тәжірибеміз бар. Кей сұрақтар, әсіресе тарихи тастарға байланыстысы, қиын тиді. Бірақ әділ әрі тартысты өтіп жатқан ойынның рухы ерекше.

Сайлау Әділет, «Фараби сазы» командасының капитаны:
– Қобалжу бар, әрине. Бірақ атмосфера өте тамаша. Командалық жұмыс кезінде шешім қабылдау қиынға соғады. Әркімнің пікірі бар. Соңғы шешімді капитан ретінде өзім қабылдаймын. Жеңістен үмітіміз зор.

Жоба жастар арасында ерекше қолдау тапты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл интеллектуалдық сайыс дәстүрлі форматқа айналған. Биылғы қатысушылар саны мен қызығушылық көрсеткіші – соның дәлелі. Себебі, мұндай шаралар жастарды бір мақсатқа жұмылдырып қана қоймай, олардың білімге деген ұмтылысын арттырып, болашақ көшбасшылардың қалыптасуына жол ашады.

P.S. Қазіргі сәтте ойын қыза түсуде. Кім жеңімпаз атанады? Бұл сұрақтың жауабы сәлден соң белгілі болмақ. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.