AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда инвестициялық жобалардың іске асырылуына...

Алматыда инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылау күшейтіледі

Алматы 11.08.2026, 17:00 276
Алматыда инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылау күшейтіледі
Алматы әкімдігі

Алматыда инвестициялық жобалардың іске асырылуының барлық кезеңінде олардың өту барысына бақылау күшейтіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тиісті тапсырманы қала әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлар үшін әкімшілік кедергілерді жою мәселесі жөніндегі кеңесте берді.

Кеңес барысында бұған дейін Өңірлік инвестициялық штаб мақұлдаған жобалар қаралды. Негізгі назар мемлекеттік қызметтер мен келісімдерді алу кезінде туындайтын жайларға аударылды.

«Almaty Invest» басқарма төрағасы Қайрат Бекеновтің айтуынша, жүргізілген талдау нәтижесі бойынша кідіріс көбіне жер қатынастары, сәулет-қала құрылысы рәсімдері және инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар алу мәселесін шешу кезінде туындайды.

Алматы әкімі мемлекеттік органдар арасындағы жауапкершілікті нақты бөлуді, іске асырудың нақты мерзімін айқындауды және қабылданған шешімнің орындалуына тұрақты бақылау орнатуды тапсырды.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге арналған цифрлық платформаның жұмысы да жеке қаралды. Алдағы уақытта оны енгізу жалғасып, платформаны қала бюджеті есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік және стратегиялық нысандарды сүйемелдеу үшін пайдалану мүмкіндігі пысықталмақ.

Алматы әкімі инвестициялық жобаларды уақтылы іске асырудың қаланың экономикалық дамуы үшін тікелей маңызы бар екенін атап өтті. Бұл — жаңа өндірістер мен инфрақұрылым нысандарын құруға, туризм және қонақүй индустриясын, қызмет көрсету саласын дамытуға, сондай-ақ қаланың салық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);