AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда Instagram алаяқтары қолға түсті

Алматыда Instagram алаяқтары қолға түсті

Оқиға 04.02.2026, 02:05 1,495
Алматыда Instagram алаяқтары қолға түсті
Сурет: Іnbalashikha.ru

Тәртіп сақшылары халықтан қарапайым сақтық шараларын сақтауды сұрайды.


Алматы полицейлері Instagram арқылы «сауда» жасаған екі алаяқты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматының криминалдық полициясы Instagram желісінде бренд киімдерді сату сылтауымен адамдарды алдап кеткен екі жергілікті тұрғынды ұстады.




«Алаяқтық тізбегі өте қарапайым болды. Ұсталғандардың бірі – 25 жастағы И.есімді азамат әлеуметтік желіде мынадай екі парақша ашқан: «almaty.sneaker» және «top.sneakerkross». Түрлі-түсті суреттер мен жеңілдіктер туралы ақпаратты орналастырған. Оның 19 жастағы  серіктесі болашақ сатып алушылармен байланысып, сәйкесінше, тапсырыстар мен төлемдерді қабылдаған. Алдын ала төлем бейтаныс адамның банктік картасына түсіп отырады. Ал пайданы олар екіге бөледі, – дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.




Қаланың бес тұрғыны осындай алаяқтық тізбекке ілінген. Әр клиенттен алаяқтар кроссовка сатамын деп 15-тен 20 мың теңгеге дейін ақша алған. Ал арыз берушілер қаражатты аударғаннан кейін аяқ киімсіз және ақшасыз қалған.


Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция интернетте жеңілдіктер мен тартымды бағалары бар түрлі-түсті аккаунттардың қолданушылар назарын аударатынын атап өтті. Әдетте, олардың көпшілігі тауарлардың қолда бар екеніне көз жеткізбестен, электронды әмиянға алдын ала төлемді аударады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #инстаграм #алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);