AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда инклюзивті білім беруді іске асыратын мек...

Алматыда инклюзивті білім беруді іске асыратын мектептер саны өсуде

Білім және ғылым 21.08.2023, 09:02 2,566
Алматыда инклюзивті білім беруді іске асыратын мектептер саны өсуде
Сурет: интернеттен

Алматының 182 мектебінде инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда.


Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



“Алматы қаласында инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептер саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі уақытта қалада 182 мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасалған (85%). 2023-2024 оқу жылының басында қосымша 16 мектепте инклюзивті білім беруді іске асыру жоспарлануда (198 мектеп, бұл мектептердің жалпы санының 92% құрайды)”, - деп хабарлады басқарма басшысы.



Спикердің айтуынша, егер 2020-2021 оқу жылында инклюзивті білім берумен 3 672 бала қамтылса, 2022-2023 оқу жылында 4 632 бала қамтылған.



“Қаланың 185 мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша кабинеттер жұмыс істейді, олардың 8-і аудандардың тірек мектептері болып табылады (№82, 75, 116, 63, 87, 64, 174, 74), және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетеді”, - деді ол.



Сонымен қатар, білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми–әдістемелік орталығының базасында инклюзивті ресурстық орталық (ИРО) ашылды. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептердің 600 педагогының біліктілігін арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.



“Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін жеке ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жарияланды”, - деп атап өтті сөз соңында спикер.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);