ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда ІІМ академиясының 300 курсанты ант қабылд...

Алматыда ІІМ академиясының 300 курсанты ант қабылдады

Алматы 29.09.2025, 11:14 479
Алматыда ІІМ академиясының 300 курсанты ант қабылдады
Сурет: Polisia.kz
Алматы қаласында, 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бірінші курс курсанттары Ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz...

Алматы қаласында, 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бірінші курс курсанттары Ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Биылғы шара ерекше форматта ұйымдастырылып, екі айтулы датаға арналды – Республика күніне 35 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Өтетін орын да символдық мәнге ие: Панфиловшылар саябағы – тарих пен тағзымға толы қасиетті мекен, ұрпақтар сабақтастығын сезіндіретін, отансүйгіштік рухын дарытатын орын. Салтанатқа ішкі істер органдарының ардагерлері, құрметті қонақтар, ІІМ басшылығы, курсанттардың ата-аналары және Гонконг полиция академиясынан арнайы делегация қатысты.

 – Бүгін біздің жас курсанттар өміріндегі ең алғашқы әрі маңызды қадамды жасап отыр – олар Ант қабылдады. Халыққа адал қызмет етуге, заңды қастерлеуге және офицер абыройын сақтауға серт берді. Бұл оқиғаның дәл осы жылы, осы жерде өтуі біз үшін аса маңызды. Республика күні мен Жеңіс мерейтойы тәуелсіздіктің бағасын, Отанға қызмет етудің үлкен жауапкершілік екенін еске салады, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы Қалижан Қобландин.

Ата-аналар үшін де бұл күн ерекше толқыныс пен мақтанышқа толы сәт болды.

– Бұл күнді біз көп күттік. Біз үшін бұл балаларымыздың есейіп, маңызды шешім қабылдағанының айғағы. Енді олар елге қызмет етуге дайын. Бүгін оларды жинақы, сымбатты, өзіне сенімді көріп, жүрегімізді мақтаныш сезімі кернейді, – деді ата-аналардың бірі.

Жас курсанттар бұл күнге ұзақ дайындалды. Бүгін олар сап түзеп, парадтық киімде, жинақы да тәртіпті болып, Академия қатарын толықтырып, офицерлік жолға алғашқы қадам басты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.