AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 к...

Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі

Әлеумет 13.01.2025, 09:03 1,181
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін әлеуметтік көмектің 17 түрі қарастырылған, деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Олардың ішінде-атаулы әлеуметтік көмек (АӘК); тұрғын үй көмегі; ҰОС ардагерлеріне және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік көмек; коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек; мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін шығындарды өтеу; атаулы күндер мен мереке күндеріне төлемдер және өзге де біржолғы әлеуметтік төлемдер.

Мәселен, 2024 жылы АӘК жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 14,8 мың адамды қамтыды. Тұрғын үй көмегі 741 азаматқа 17,3 млн теңге сомасында берілді. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты азаматтарды қолдау жеке бағыт болды. «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 141 мыңнан астам адам ай сайын 0,8 АЕК мөлшерінде төлем алды, бұл 4 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақының барлық түрлерінің мөлшері 6,5%- ға ұлғайтылды, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілуде. Мысалы, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс қимылдардың ардагерлері үшін Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді.

Айта кету керек, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау Алматы әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #халық #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);