AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда халықты әлеуметтік қорғау департаменті би...

Алматыда халықты әлеуметтік қорғау департаменті биылғы I тоқсанда 29 мың мемлекеттік қызмет көрсетті

Әлеумет 21.04.2026, 11:33 524
Алматыда халықты әлеуметтік қорғау департаменті биылғы I тоқсанда 29 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің биылғы бірінші тоқсандағы жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысы Мұрат Мұратбеков мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қаңтар–наурыз айында қалада 29 128 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, олардың барлығын заңды бұзбай, белгіленген мерзімде орындап шыққан. Соның ішінде 23 628 қызмет зейнетақы мен әлеуметтік қамтамасыз ету саласына тиесілі болса, тағы 5 500 қызмет мүгедектікті белгілеу мен әлеуметтік қорғау шараларын әзірлеуге қатысты болыпты.

«Қызметтің басым бөлігін электрондық үкімет порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетті. Бұл халыққа барынша ашық әрі қолжетімді болуды қамтамасыз етеді», - дейді спикер.

Ең көп сұранысқа ие қызметтер:

- бала туу мен күтіміне байланысты жәрдемақы — 6 887 қызмет (23,6%);

- мүгедектікті белгілеу — 5 500 (19%);

- базалық зейнетақы төлемі — 4 353 (15%);

- жасына байланысты зейнетақы төлемі — 3 956 (13,6%).

Медициналық-әлеуметтік сараптама саласында да ілгерілеу бар. Алғашқы мүгедектік бойынша қарқын көрсеткіші 4,6%-ды құрап, былтырғымен салыстырғанда төмен, республикалық орташа деңгейден (6,7%) айтарлықтай аз болды. Азаматтардың 97,3%-ына мүгедектік тағайындалған.

Ересектер арасындағы алғашқы мүгедектік себептері:

• қатерлі ісіктер — 49,9%;

• қан айналымы жүйесінің ауруы — 18,7%;

• психикалық ауру — 6,4%.

Қызмет көрсетудің проактивті форматына ерекше назар аударылып отыр. Спикердің айтуынша, мүгедектікке қатысты шешімнің шамамен 48%-ын азаматтарды араластырмай-ақ, қашықтан қабылдайды екен.

Бақылау мен мониторинг бағытында:

• оңалту құралына берілген 31 мың өтініштің 47,7%-ы орындалған;

• тізімнен 76 сенімсіз жеткізуші шығарылған;

• нысандардың қолжетімділігі бойынша 8 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 39 заңбұзушылық анықталып, 1,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сонымен қатар бірінші тоқсанда департаментке азаматтардан 1 562 өтініш келіп түскен. Олардың басым бөлігі медициналық-әлеуметтік сараптама, зейнетақымен қамтамасыз ету мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесіне қатысты болып шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);