ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда халықаралық гастрофестиваль өтіп жатыр

Алматыда халықаралық гастрофестиваль өтіп жатыр

Мәдениет 29.10.2022, 11:27 1,866
Алматыда халықаралық гастрофестиваль өтіп жатыр
Абай атындағы алаңда Almaty Food Fest 2022 халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр

Абай атындағы алаңда Almaty Food Fest 2022 халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр


Туризм басқармасы мұның қаланы халықаралық іс-шара туризмінің негізгі бағытының бірі ретінде таныту үшін ұйымдастырылғанын айтады.


Almaty Food Fest 2022 аясында мәдени және ойын-сауық бағдарламасы қарастырылған. Онда әлемнің түрлі елінің ұлттық асы ұсынылған. Фестивальге келушілер мексика, грузин, америка, азия және қазақ тағамдарынан дәм татады. Десерт әуесқойларының талғамы да ескеріліп, олар үшін арнайы «тәттілер көшесі» ұйымдастырылды.



Сонымен бірге қонақтар аспаз байқаулары мен ұтыс ойындарына қатысып, халықаралық деңгейдегі арнайы шақырылған аспаздардың live cooking шоуын тамашалап, ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарын сатып ала алады. Қазақстандық эстрада жұлдыздары әсерлі шоуды жанды әуенмен тербетті.



Фестиваль Кувейт, Бахрейн, Үндістан және басқа елдерден келген танымал шетелдік блогерлерді де бей-жай қалдырмады. Олар өз еліндегі ұлттық тағамдардың ерекшеліктеріне тоқталып, Қазақстанның дәстүрлі тағамдарына шолу жасады.



«Мен нағыз гурманмын. Отаным Үндістанда 500-ге жуық мейрамханаға бардым. Сіздердің ұлттық тағамдарыңыз туралы көбірек біліп, жаңа гастрономиялық тәжірибе алу үшін Алматыға Almaty Food Festival 2022-ге арнайы келдім,- деп үндістандық фуд-блогер Рохит Мавле әсерімен бөлісті.




Фестиваль Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алды) 29-30 қазан күндері өтеді. Әр кеш соңында қонақтар қазақстандық әртістердің өнерін тамашалайды:


29 қазан – Orda тобы;


30 қазан – Қайрат Нұртас.



 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.