ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда халықаралық деңгейдегі студенттік жатақха...

Алматыда халықаралық деңгейдегі студенттік жатақхана ашылды

Алматы 24.09.2025, 17:45 442
Алматыда халықаралық деңгейдегі студенттік жатақхана ашылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі 339 орындық жаңа студенттік жатақханамен танысты

Алматы әкімі 339 орындық жаңа студенттік жатақханамен танысты

Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Халықаралық білім беру корпорациясының (ХББК) жаңа студенттік жатақханасын аралады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

339 орынға арналған бұл нысан корпорацияның білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламасының бір бөлігі.

Жаңа ғимараттың басты ерекшелігі – жатақхана комфорт-класс деңгейінде салынған. Әр бөлме жеке асүймен, санитарлық тораппен және жұмыс аймағымен жабдықталған, бұл студенттердің тұрмысын барынша ыңғайлы етіп, апартамент үлгісіне жақындатады. Ғимаратта бірлесіп оқу мен жобалық жұмысқа арналған коворкинг аймақтары қарастырылған. Жатақхана «ақылды кампус» жүйесіне біріктірілген, ол қауіпсіздік пен қолжетімділікті орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Жалпы аумағы – 3 822,4 шаршы метр, инвестиция көлемі 15 млрд теңгеден асты.

Сапар барысында Алматы әкімі елімізге өз мамандарын даярлау қажеттігін атап өтті.

«Маңыздысы – түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы. Қазір біз жиі шетелдік мамандарға жүгінеміз. Қазақстандық мамандар жоқтың қасы. Сондықтан өзіміздің кадрларды өсіріп, олар қала игілігі үшін жобаларды жүзеге асыруы қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

Студенттердің тәжірибелік даярлығы үшін ХББК базасында заманауи зерттеу алаңдары жұмыс істейді. Олардың қатарында Samsung және JBL компанияларымен бірлескен жобалар бар. Бұл болашақ архитекторларға, инженер мен дизайнерлерге әлемдік деңгейдегі құрал-жабдықта курстық және дипломдық жұмыстар орындауға мүмкіндік береді.

Университет кампусында FabLab (Fabrication Laboratory), қалалық зерттеу зертханасы, сейсмикалық әсерді зерттеуге арналған бірегей сейсмоплатформа, дрон зертханасы, құрылыс геотехникасы зертханасы, сондай-ақ О.Ю. Пяк атындағы желдету және кондиционерлеу бойынша мамандандырылған зертхана жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2007 жылы құрылған Халықаралық білім беру корпорациясының (ХББК) құрамына Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) және Қазақ-Америка университеті (ҚАУ) кіреді. Бүгінде корпорацияда 16 мыңнан астам студент оқып жатыр. ХББК халықаралық бағдарламаларды дамытып, әлемнің жетекші университеттерімен тығыз әріптестік орнатып келеді.

Алматы әкімдігі студенттер мен жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп, білім алуға және өмір сүруге қолайлы заманауи кеңістіктерді қалыптастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.