AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда халықаралық Be WOMAN Asia 2025 форумы бас...

Алматыда халықаралық Be WOMAN Asia 2025 форумы басталды

Барлығы 26.09.2025, 15:07 491 Сұлу
Алматыда халықаралық Be WOMAN Asia 2025 форумы басталды
Алматы әкімдігі

26 қыркүйекте Алматыда халықаралық Be WOMAN Asia 2025 форумы ашылды. Форум көшбасшы әйелдерді, кәсіпкерлерді, ғылым, мәдениет, өнер және инновация өкілдерін біріктірді. Іс-шара аймақтағы әйелдер көшбасшылығы, гендерлік теңдік және орнықты даму тақырыптарын талқылаудың басты алаңына айналды.

Өз сөзінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева қазақстандық әйелдердің бүгінде барлық салада сенімді ілгерілеп келе жатқанын атап өтті. Әйелдердің сауаттылық деңгейі – 99,9 пайыз, еліміздегі әрбір екінші университет студенті – қыз, ал ғылым саласында зерттеушілердің 55,7 пайызы – әйелдер. Студент қыздардың 30 пайыздан астамы STEM бағыттарын таңдайды, IT және цифрлық экономикада 31 пайыз әйел еңбек етеді, ал елдегі ең ірі технопарк – Astana Hub-та әр жетінші стартапты әйелдер құрған. Сондай-ақ әйелдер мемлекеттік басқару саласына да белсенді араласуда: мемлекеттік қызметшілердің қатарындағы үлесі 55 пайыздан асады.

«Қазақ әйелдері заманауи, білімді әрі әлеуметтік белсенді. Мемлекет қолдауының арқасында олар бизнес, ғылым, мемлекеттік басқару саласында табысты еңбек етіп, сонымен бірге отбасылық құндылықтарды сақтап келеді», – деді Аида Балаева.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков форумның оңтүстік астанада өтуінің ерекше мәнге ие екенін айтты.

«Алматы – Қазақстанның жүрегі, ең ірі мегаполис, ғылым мен мәдениеттің орталығы. Орталық Азиядағы ең ірі әйелдер көшбасшылығы форумының дәл осы жерде өтуі символдық мәнге ие. Be WOMAN Asia – әйелдердің идеялары, тәжірибесі мен энергиясы тоғысатын, жаңа бастамаларға серпін беретін алаң», – деді ол.

Be WOMAN Asia форумы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың беделді алаңы ретінде танылды. Өткен жылы ол 12 елден келген 95-тен астам спикерді және 3 мыңнан аса кәсіпкер мен пікір көшбасшыларын жинады. 2025 жылы Алматы тағы да әйелдер көшбасшылығы орталығы мәртебесін растады, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру үшін біріктірді.

Айта кетейік, Қазақстанда әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар прогрессивті заңдар қабылданды. Соның ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қысым көрсетуге қарсы заңдар. Президент тапсырмасымен ІІМ-де арнайы басқарма құрылып, жыныстық қылмыстарды тергейтін әйел-тергеушілер тәжірибесі енгізілді. Бұл шаралар қоғамда әйелдердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға ықпал етуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);