ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда "Халық қатысатын бюджет" жобасына өтінім...

Алматыда "Халық қатысатын бюджет" жобасына өтінім қабылдау басталады

Алматы 29.08.2025, 17:51 418
Алматыда "Халық қатысатын бюджет" жобасына өтінім қабылдау басталады
Сурет: ашық дереккөз
Қала аудандарын дамыту мен абаттандыруға арналған өтінімдер 1 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Сарапшылар кеңесінде қаралып, дауыс беруде көш бастаған жобаларды Алматының аудан...

Қала аудандарын дамыту мен абаттандыруға арналған өтінімдер 1 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Сарапшылар кеңесінде қаралып, дауыс беруде көш бастаған жобаларды Алматының аудан әкімдіктері 2026 жылы жүзеге асырады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Алматылықтар өз ұсыныстарын budget.open-almaty.kz порталы арқылы жібере алады. Өтінімде жоба атауы мен сипаттамасы, жүзеге асатын мекенжай, фото немесе сызба, сондай-ақ смета көрсетілуі тиіс.

Жобаларға қойылатын талаптар:

                •             Бір автор – бір өтінім – бір нысан;

                •             Нысан ортақ пайдалануға арналуы тиіс;

                •             Жоба сол аудан аумағында, ортақ пайдаланатын жерде жүзеге асырылуы қажет;

                •             Әр жобаның құны 294,9 млн теңгеден аспауы тиіс.

Жобалар мына санаттар бойынша қабылданады:

                •             Көгалдандыру;

                •             Жаяу жүргінші жолдарын абаттандыру;

                •             Тротуар, пандус, арықтарды салу және жөндеу;

                •             Ортақ пайдаланатын аумақтарды жөндеу, жарықтандыру;

                •             Бордюрлерді, тасжолды, тіреу қабырғаларды жөндеу;

                •             Қоқыс үйінділерін жою;

                •             Ортақ аумақтарға беседке, орындық, қоқыс жәшігін орнату, балалар ойыны мен ересектер демалысына арналған жабдықтар қою және жөндеу;

                •             Спорт және балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру (аулаларда және ортақ аумақтарда);

                •             Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сарапшылар кеңесі мен аудандық әкімдіктердің өкілдері түскен өтінімдерді «Халық қатысатын бюджеттің» талаптары мен критерийлеріне сәйкестігіне, қарастырылған санаттарға сай болуына, эскиз бен болжамды сметаның болуына қарай бағалайды.

Қарау нәтижесінде әр өтінімге үш мәртебенің бірі беріледі: «Дауыс беруге жіберілді», «Түзетуге жіберілді», «Қабылданбады».

«Халық қатысатын бюджеттің» барлық ережелеріне сәйкес рәсімделген өтінімдер мақұлданып, дауыс беру кезеңіне жіберіледі.

Түзетуге қайтарылған жоба авторлары өтінімдерін толықтырып, қайтадан қарауға жібере алады. Түзету қажеттігі туралы хабарлама авторлардың budget.open-almaty.kz порталында тіркелу кезінде көрсеткен электронды поштасына жолданады.

Дауыс беруге жіберілген жобалар туралы ақпарат budget.open-almaty.kz порталындағы «Жобалар бойынша материалдар» бөлімінде жарияланады.

«Халық қатысатын бюджетке» қатысты кеңес пен қосымша ақпаратты Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау орталығынан алуға болады. Байланыс телефоны: 224 39 29 (ішкі 203).

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.