AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша ө...

Алматыда "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша өтінімдер саны артты

Барлығы 13.09.2025, 18:23 664 dulatbekova
Алматыда "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша өтінімдер саны  артты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылықтар "Халық қатысатын бюджет" жобасына белсенді қатысуда.

1 қыркүйектен бастап өтінімдерді қабылдау басталды. Алғашқы кездің өзінде 430 жобалық ұсыныс келіп түсті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қала тұрғындары көгалдандыру, аулалар мен көшелерді абаттандыру, тротуарлар мен арықтарды жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді құру және жарықтандыру, балалар алаңқайы мен спорт алаңдарын орнату, сондай-ақ санитарлық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жобаларды ұсынуда.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Барлық ұсыныстарды сараптамалық кеңестер мен аудан әкімдіктері қарайтын болады. Дауыс беру қорытындысы бойынша көп қолдауға ие болған жобалар Алматыда 2026 жылы жүзеге асырылатын болады.

Өтінімдерді budget.open-almaty.kz порталы арқылы беруге болады. Ол үшін жобаның атауы мен сипаттамасын, орналасқан жерінің мекенжайын, фотосуретін немесе эскизін, сондай-ақ шығындар сметасын көрсету қажет.

Еске салсақ, жобалық ұсыныстар бірқатар  шарттарға  сәйкес келуі тиіс:

·        бір автор—бір өтінім—бір нысан;

·        аудан аумағындағы жалпы пайдалану  нысаны;

·        жобаның ең жоғары құны — 294,9 млн теңге.

Қажетті кеңесті Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінен, сондай-ақ Open Almaty әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінен 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға  болады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Халық қатысатын бюджет #өтінім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);