конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Halyk Arena заманауи сәулеттік жарықпен ж...

Алматыда Halyk Arena заманауи сәулеттік жарықпен жаңарды

Барлығы 22.02.2026, 12:59 438
Алматыда Halyk Arena заманауи сәулеттік жарықпен жаңарды
Сурет: Aлматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының негізгі спорт нысандарының бірі жаңаша жарқырай түсті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Halyk Arena спорт кешені заманауи сәулеттік-көркемдік жарықтандырумен жабдықталды. Соның нәтижесінде ғимарат қасбеті мемлекеттік мерекелер мен халықаралық спорттық жарыстарға дейінгі түрлі іс-шараларға байланысты визуалды бейнесін өзгерте алатын заманауи медиақасбетке айналды. Бұл туралы қала әкімдігінің Энергетика және сумен жабдықтау саласына жауапты басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоба аясында ашық кеңістікте пайдалануға және ауа райының қолайсыз жағдайына төзімді жарық кенептерін қалыптастыратын 16 мыңнан астам жарықдиодты модуль орнатылды. Бұдан бөлек, ғимараттың сәулеттік ерекшеліктерін айқындай түсетін түрлі-түсті жарық композицияларын жасауға мүмкіндік беретін 42 қуатты прожектор іске қосылды.

Сондай-ақ қасбетке бейнелерді, рәміздер мен логотиптерді көрсетуге арналған 22 гобо-проектор орнатылған. Жаңа жарықтандыру кешені аренаның қалалық кеңістіктегі көркем келбетін айшықтап, оны Алматының басты спорт нысандарының бірі ретіндегі мәртебесін айқындай түсті.

Қалада сыртқы жарықтандыру жүйесін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. 2026 жылы тозығы жеткен 238 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафын ауыстыру, желілерді жаңғырта отырып 4000 К жылы жарық беретін 10 мыңнан астам заманауи шам орнату, сондай-ақ 500-ден астам ғимаратқа сәулеттік-сәндік жарықтандыру жүргізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2025 жылы Алматыда бұрын жарықтандырылмаған 1189 аумақта жарықтандыру желілері тартылып, 16,5 мыңнан астам жарық нүктесі орнатылды. Сонымен қатар қаланың 420 маңызды нысаны сәулеттік жарықтандырумен қамтылды.

Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары аясында 635 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы ауыстырылып, 70 шақырым желі жаңартылды және 80-нен астам көшеде 15,5 мыңнан астам шам орнатылды. Бір жыл ішінде жалпы саны 32 мыңнан астам жарықтандыру құралы орнатылып немесе жаңартылып, техникалық қызмет көрсету барысында қосымша 36,5 мың шам ауыстырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #халық арена #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);