Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Х «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері»...

Алматыда Х «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» халықаралық конференциясы өтіп жатыр

Әлеумет 25.11.2022, 09:35 1,230
Алматыда Х «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» халықаралық конференциясы өтіп жатыр
Сурет: Egemen.kz

Алматы қаласында Х «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр.


Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Франция, Канада, Германия, Ұлыбритания, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Жапония ғалымдары қатысуда. Жалпы алғанда, іс-шараға атом саласындағы жетекші кәсіпорындар мен компаниялардың 450-ден астам өкілдері келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Атап өту керек, атом энергетикасын дамытуға бет алған әлемдік үрдіс елімізде де осы салаға ерекше назар аударуды талап ете бастады. Бұл ретте, қатысушылар уранның минералдық-шикізат базасын дамытудың стратегиясын, ғылым мен өндірісті жетілдіру мәселелерін жан-жақты қарастыруы заңды.


Конференцияның негізгі мақсаты да сол – уран өндірудің қазіргі жағдайы мен алдағы болашағын талқылау, халықаралық қоғамдастықпен бірлесіп, озық ғылыми-технологиялық мақсаттарды атап өту және оларды шешу үшін алаң ұсыну.


Уран өнеркәсібінің маңызды міндеттерін шешуді ғылым мен технологиясыз, халықаралық аренада елестету мүмкін емес. Атом индустриясын дамыту әлемдік компанияларды, ғалымдарды білікті мамандарды біріктіруді талап етеді.


Еліміздегі ұлттық компания «Қазатомөнеркәсіп» саланың қолданыстағы минералдық-шикізаттық, технологиялық, зияткерлік және экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану әрі ұлғайту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асырып жатыр.


«Өздеріңіз білесіздер, Қазатомөнеркәсіп еліміздің тек бейбіт атомды дамыту саясатын ұстанады. Конференцияда қамтылатын мәселелердің кең ауқымы мен қатысушылардың жоғары деңгейі оған Қазақстан мен басқа елдер үшін стратегиялық маңызды сала ретінде әлемдік уран индустриясындағы маңызды оқиға мәртебесін беретіні сөзсіз», деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.


Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы маңызды бағыттардың бірі – әлемдік сахнада «бейбіт атом» саласын дамытуға басымдық беру. Әрі аталған салада ғылымды дамыту мәселесіне бетбұрыс жасау әсіресе маңызды екендігі анық.


Осыған байланысты, Қазатомөнеркәсіп басшысы «Атом индустриясындағы ғылыми-технологиялық көшбасшылыққа қол жеткізу мақсатында өндірістік процеске озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізе отырып, ғылыми әзірлемелерді белсенді жүргізу маңызды», - деді.


Конференция барысында геология, геотехнология және тау-кен дайындық жұмыстары, уран өндіру және қайта өңдеу технологиясы, атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және техногендік қалдықтарды басқару, тұрақты даму (ESG) мәселелері, атом саласы жұмыс істеуінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері, атом саласындағы цифрландыру, автоматтандыру және роботтандыру талқылануда.


Шара аясында Қазатомөнеркәсіп Paul Scherrer Institute (Швейцария) пен Қазақстан-Британ техникалық университеті арасында ынтымақтастық келісіме қол қойды. Бұл құжат саланың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, атом саласындағы ғалымдарды қолдау мен жаңа мамандарды дайындауға ықпал етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#уран #конференция #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.