Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ғылыми қауымдастық, жастар және еңбек ұжы...

Алматыда ғылыми қауымдастық, жастар және еңбек ұжымдары референдумды қолдады

Әлеумет Бүгін 10:58 28
Алматыда ғылыми қауымдастық, жастар және еңбек ұжымдары референдумды қолдады
интернет

Алматыда алдағы республикалық референдумға арналған кездесулер мен диалог алаңдары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция өкілдері оқу орны ұжымымен кездесті. Іс-шараға Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, Алматы қалалық мәслихатының төрағасы Меиржан Отыншиев, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Дидар Ділдәбек және AMANAT партиясының Медеу аудандық филиалының жетекшісі Ержан Медеуова қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар референдумның маңызы мен азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдаудағы рөлін талқылады.

"Референдумға қатысу — азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі", — деді Айгүл Құспан.

Кездесуге қатысушылар республикалық референдум өткізуді қолдайтынын білдірді.

Түсіндіру кездесуі «Сталь Сервис» компаниясының еңбек ұжымымен де өтті. Іс-шараға Алматы қалалық мәслихатының депутаттары және қоғамдық құрылым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында алдағы дауыс берудің қоғамдық маңызына қатысты мәселелер көтерілді.

"Белсенді азаматтық ұстаным және референдумға қатысу елдің дамуы үшін қағидатты мәнге ие", — деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дулат Тастекей.

Алдағы референдумды талқылау Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» активінің диалог алаңында да жалғасты. Медеу ауданының комьюнити-орталығында өткен жиынға жастар ұйымдарының, студенттер қауымының және қоғамдық институттардың өкілдері қатысты.

"Жастар қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуға тиіс", — деді ҚХА мүшесі әрі Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустам Қайрыев.

Кездесулерге қатысушылар республикалық референдум өткізуді қолдайтындарын жеткізді.

Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда төтенше жағдайлар қызметі цифрланып жатыр

Бүгін 12:35

ҚР Президентінің кеңесшісі Алексей Цой Алматы қалалық кардиологиялық орталығына келді

Бүгін 12:32

Бүйрегін сатқысы келген ер адамға сот үкімі шықты

Бүгін 12:26

Балабақшаларда жасанды интелект қалай қолданылады?

Бүгін 11:58

Алматыда студенттік тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде: жатақханалардағы 46,2 мың орын және жаңа жобалық кеңсе

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі