AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда гидтердің, экскурсия жүргізушілердің, ту...

Алматыда гидтердің, экскурсия жүргізушілердің, туризм нұсқаушыларының біліктілігін арттыру және оқыту курстары басталды

Әлеумет 24.07.2024, 14:23 735 dulatbekova
 Алматыда гидтердің, экскурсия жүргізушілердің, туризм нұсқаушыларының біліктілігін арттыру және оқыту курстары басталды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының туризм басқармасы туристік гидтер қауымдастығының Дүниежүзілік федерациясымен бірлесіп, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырды. Курстар осы жылдың 12 шілдесінен 12 тамызына дейін Алматы қаласында өтеді.

Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастығының Федерациясы (WFTGA) – 80-нен астам елдің гидтер одағын қамтитын кәсіби ұйым. Бұл ұйым гидтердің біліктілік бағдарламасын әзірледі, оның мақсаты экскурсия жүргізу техникасы бойынша стандарттарды бекіту және бүкіл әлем бойынша экскурсоводтардың кәсібилігін арттыру болып табылады.

Алматы - Орталық Азияның жүрегі, ол өзінің инновацияларымен, мәдени әртүрлілігімен, бірегей табиғатымен және экономикалық өсуімен әлемді таң қалдыруды жалғастыруда.  Осыған байланысты туристерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін гидтер мен нұсқаушы гидтердің біліктілік деңгейін тұрақты негізде арттыру қажет, деп атап өтті туризм басқармасы.

 Курс аясында өз міндеттерін тиімді орындау мақсатында шетелдік туристермен жұмыс істеудің негізгі білімдері мен дағдыларына гидтерді теориялық және практикалық оқыту көзделеді.

Жалпы, курс барысында 200 гид, экскурсоводтар мен туризм нұсқаушылары оқитын болады. Оның ішінде 36 адам WFTGA біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, 164 - негізгі дайындық курсы, оның 38-і қытай тілінде. 

Кәсіби мамандардан білім алғаннан кейін курсқа қатысушылар ҚР халықаралық және ұлттық стандарттар негізінде туристерге қызмет көрсету сервисінің біліктілігі мен деңгейін арттыра алады. Сондай-ақ туристік маршруттар мен экскурсияларды әзірлеу және іске асыру, курсты аяқтағаннан кейін алағн білімдерін қаншалықты игергені бақыланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #гид #экскурсия жүргізуші #туризм нұсқаушылары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);