конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда газбен жабдықтау жүйесін қайта құруға арн...

Алматыда газбен жабдықтау жүйесін қайта құруға арналған инвестициялық бағдарлама әзірленді

Әлеумет 24.01.2025, 11:49 834
Алматыда газбен жабдықтау жүйесін қайта құруға арналған инвестициялық бағдарлама әзірленді
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы қаласындағы газ желілерін жаңғырту бойынша 2025 жылға арналған жоспарларын жариялады.

«QazaqGaz Aimaq»  АҚ Алматы өндірістік филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Айбек Қасымов Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде хабарлағандай, биыл желілерді қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Спикердің айтуынша, мегаполисте газбен жабдықтау жүйесін қайта құруға бағытталған инвестициялық бағдарлама бекітілген.

Бағдарлама аясында 2024 жылы қаланың маңызды аудандарында – Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Әуезов, Алмалы және Жетісу аудандарында 2 2 шақырым газ құбыры қайта жаңғыртылды. Бұл жұмыстар инфрақұрылымның қызмет ету мерзімін ұзартуға және жүйенің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Айбек Қасымовтың айтуынша, 2025 жылы жаңғырту жұмыстары жалғасады. Жоспарға сәйкес:
- орта және төмен қысымды 31,7 шақырым газ құбырын қайта құру;
- 11 шкафты газ реттеу пунктін (ШГРП) жаңарту;
- 13 электрохимиялық қорғаныс нысанын жаңғырту жұмыстары жоспарланған.

Бұл шаралар газбен жабдықтау сенімділігін арттыруға, пайдалану тәуекелдерін азайтуға бағытталған және қолданыстағы желілердің қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

«Біздің міндетіміз - маусымға қарамастан Алматының әрбір тұрғыны үшін үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету. Қайта құру жұмыстарының арқасында біз газ құбырларының өткізу қабілетін арттырып, қаланың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандырамыз», – деді компания өкілі.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Бағдарлама шеңберінде компания қызметкерлері тұрғындарды тұрақты түрде газды пайдалану ережелері жайлы ақпараттандырып, жадынамалар таратады. Метро экрандарында бейнероликтер көрсетіліп, «112» қызметі арқылы қала тұрғындарының телефондарына қауіпсіздік шаралары туралы SMS-хабарламалар жіберіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газбен жабдықтау #инвестициялық бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);